AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Армиядағы барлық казармаға жасанды интеллекті бар бейнебақылау жүйесі орнатылады

17.06.2026
Санаты: Басты, Технология
Армиядағы барлық казармаға жасанды интеллекті бар бейнебақылау жүйесі орнатылады

ADYM.KZ / Қазақстан армиясындағы барлық казармаға жасанды интеллект технологиясымен жабдықталған бейнебақылау жүйелері орнатылады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта армиядағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған кешенді жоспар жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында әскери бөлімдердегі казармалар заманауи бақылау жүйелерімен кезең-кезеңімен жабдықталады.

«Менің ойымша, биылғы жылдың соңына дейін және келесі жылы барлық казармаларды жасанды интеллект негізіндегі бейнебақылау жүйелерімен толық қамтимыз. Бұл жүйе түрлі оқиғаларды талдап, сараптама жүргізуге мүмкіндік береді», – деді Асқар Мұстабеков брифинг барысында.

Министр орынбасарының сөзінше, жаңа технологиялар әскери бөлімдердегі қауіпсіздікті арттыруға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.

Брифинг кезінде журналистер Асқар Мұстабековтен өз ұлының әскери қызмет өткеріп жүрген-жүрмегенін де сұрады. Ол ұлының қазіргі уақытта шекара қызметінде әскери борышын өтеп жатқанын айтты.

«Бір ұлым қазір шекара әскерлерінде қызмет етіп жүр», – деді ол.

Сондай-ақ журналистің ұлының әскери қызметке қатысты шағымдары бар-жоғы туралы сауалына министр орынбасары теріс жауап берді.

«Жоқ, шағымданбайды. Кейін келісімшарт бойынша әскери қызметте қалмақ. Бұл – оның өз шешімі», – деді Асқар Мұстабеков.

Ілмек: AI-бейнебақылауАрмияЖасанды интеллект
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Президент Ержан Сәденовті қабылдап, қоғамдық қауіпсіздік мәселесін талқылады

Президент Ержан Сәденовті қабылдап, қоғамдық қауіпсіздік мәселесін талқылады

Ұсынамыз

Hippocratic AI Raises $50M to Develop AI-Powered Health Assistants

31.03.2026
Ұлттық банк төрағасы мөлшерлемені төмендету жоспары туралы айтты

Ұлттық банк төрағасы мөлшерлемені төмендету жоспары туралы айтты

18.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.