AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Президент Ержан Сәденовті қабылдап, қоғамдық қауіпсіздік мәселесін талқылады

17.06.2026
Санаты: Басты, Саясат
Президент Ержан Сәденовті қабылдап, қоғамдық қауіпсіздік мәселесін талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Кездесу барысында Президентке елдегі криминогендік ахуал, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Ержан Сәденовтің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы бес айында тіркелген қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға азайған. Сонымен қатар негізгі санаттар бойынша құқықбұзушылық деңгейі төмендеп, қылмыстарды ашу көрсеткіші артқан.

Министр қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылып отырғанын айтты. Оның сөзінше, ведомство жазаның бұлтартпастығы қағидатын дәйекті түрде қамтамасыз етіп келеді. Есепті кезеңде өткен жылдары жасалған 1685 қылмыс ашылып, сот төрелігінен жасырынған 574 қылмыскер ұсталған. Олардың 89-ы шетел аумағында анықталған.

Сондай-ақ министр киберқылмысқа, есірткі қылмысына, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес нәтижелері туралы баяндады. Бұл бағытта қылмыстық топтардың әрекетінің жолын кесу, азаматтарды түрлі қауіп-қатерден қорғау және қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидатын іс жүзінде тиімді жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ілмек: Ержан СәденовҚабылдауҚоғамдық қауіпсіздікПрезидент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
ЖОО гранттарына өтінім қабылдау мерзімі белгілі болды

ЖОО гранттарына өтінім қабылдау мерзімі белгілі болды

Ұсынамыз

Сайлау қарсаңында қоғамдық пікірді зерттейтін ұйымдардың тізімі белгілі болды

Сайлау қарсаңында қоғамдық пікірді зерттейтін ұйымдардың тізімі белгілі болды

09.07.2026
Президент Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Президент Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

24.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.