AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Елімізде исламдық қаржыландыруды дамытатын жаңа банк іске қосылады

11.06.2026
Санаты: Басты, Экономика
Елімізде исламдық қаржыландыруды дамытатын жаңа банк іске қосылады

ADYM.KZ / Қазақстанда жаңа халықаралық банк жұмысын бастауы мүмкін. Бұл мәселе Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мен Abu Dhabi Commercial Bank PJSC (ADCB) өкілдерінің кездесуінде талқыланды.

Тараптар «Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan)» АҚ-ын құру және іске қосу кезеңдерін, сондай-ақ Қазақстан заңнамасына сәйкес банктік лицензия алу мәселелерін қарастырды.

Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ADCB-ге Қазақстан аумағында еншілес банк құруға және банк холдингі мәртебесін алуға рұқсат берген болатын. Нәтижесінде жаңа қаржы ұйымы 2026 жылғы 20 сәуірде ресми түрде мемлекеттік тіркеуден өтті.

Жаңа банктің ерекшелігі  дәстүрлі банктік қызметтермен қатар исламдық қаржыландыру құралдарын дамытуға басымдық беруі. Атап айтқанда, қаржы ұйымы «ислам терезесі» тетігі арқылы пайызсыз қаржыландыру қызметтерін ұсынуды жоспарлап отыр.

Реттеуші органның пікірінше, халықаралық ірі банктің Қазақстан нарығына келуі банк секторындағы бәсекелестікті күшейтіп, халық пен бизнеске ұсынылатын қаржылық қызметтердің сапасы мен түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл ел экономикасына қосымша халықаралық капитал тартуға ықпал етпек.

ADCB — Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең ірі қаржы институттарының бірі. Банктің негізгі акционері — Mubadala Investment Company. Қаржы ұйымы халықаралық рейтинг агенттіктерінен жоғары бағалар алған және актив көлемі бойынша БАӘ-дегі жетекші банктердің қатарына кіреді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның банк секторында 23 банк жұмыс істейді, оның 10-ы шетелдік еншілес қаржы ұйымдары. Сарапшылардың пікірінше, жаңа банктің толыққанды іске қосылуы елдегі исламдық қаржы нарығының дамуына қосымша серпін беруі мүмкін.

Ілмек: Abu Dhabi Commercial BankKazakhstan
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Алматыда заманауи көлік жүйелері — LRT мен SkyTrain құрылысы жүргізіледі

Алматыда заманауи көлік жүйелері - LRT мен SkyTrain құрылысы жүргізіледі

Ұсынамыз

Қоғамдық тәртіп және еріктілер қозғалысы: Шымкент жастары қауіпсіздік жолында

Қоғамдық тәртіп және еріктілер қозғалысы: Шымкент жастары қауіпсіздік жолында

29.08.2026
Астанада «AMANAT» партиясының кезекті XXVI Съезі өтеді

Астанада «AMANAT» партиясының кезекті XXVI Съезі өтеді

29.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.