AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Мадридте Димаш Құдайберген мен оның жанкүйерлері туралы деректі фильм таныстырылды

03.06.2026
Санаты: Мәдениет
Мадридте Димаш Құдайберген мен оның жанкүйерлері туралы деректі фильм таныстырылды

ADYM.KZ / Испания астанасы Мадрид қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның испандық жанкүйерлеріне арналған «Al Compás de Su Voz» деректі фильмінің ресми тұсаукесері өтті. Жобаны әртістің Испаниядағы фан-клубы мен «La Gran Voz Kazaja» қауымдастығы бірлесіп әзірлеген. Туындының режиссері жас испан кинематографисі Давид Кольянтес Родригес.

Мәдени іс-шара Palacio de Hielo кинотеатрында ұйымдастырылып, 130-дан астам көрерменнің басын қосты. Премьераға Қазақстанның Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Мұсаев бастаған дипломаттар, қазақ диаспорасы мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Бұл Испанияда тек әртістің өзіне ғана емес, оның халықаралық жанкүйерлер қауымдастығы «Dears» феноменіне арналған алғашқы киножоба. Картина фан-қоғамдастықтың 5 мүшесінің шынайы оқиғасына негізделген. Олар Димаш өнерімен қалай танысқанын және фандомның өз өмірлеріне тигізген әсерін баяндайды.

Фильмнің финалдық титрлары Барселонада Димашпен бір сахнада өнер көрсеткен 15 жастағы қазақстандық әнші Жанель Әлидің орындауындағы «Te prometo» әнімен сүйемелденеді. Режиссер Испанияның бірнеше өңірін аралап, кейіпкерлермен кездесу арқылы «Димаш қозғалысының» мәдени және эмоциялық ықпалын зерттеген.

Жоба авторларының мәліметінше, жақын арада деректі фильм Испанияның бірнеше ұлттық кинофестиваліне ұсынылады. Фестивальдік прокат аяқталған соң, туынды ашық онлайн-платформаларға жүктеледі. Халықаралық аудитория үшін фильмге ағылшын, қазақ, орыс және қытай тілдерінде субтитрлер дайындау жоспарланған.

 

Ілмек: Al Compás de Su VozDearsДавид Кольянтес РодригесДеректі фильмДимаш ҚұдайбергенИспанияМадридРежиссер
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Эверест шыңындағы экологиялық апат: 4-лагерьдегі қоқыс көлемі жұртшылықты шошытты (видео)

Эверест шыңындағы экологиялық апат: 4-лагерьдегі қоқыс көлемі жұртшылықты шошытты (видео)

Ұсынамыз

«Агенттік ЖИ» дәуірі басталды: мульти-агенттік жүйелер бизнес пен өндірісті өзгертуде

«Агенттік ЖИ» дәуірі басталды: мульти-агенттік жүйелер бизнес пен өндірісті өзгертуде

26.06.2026
Шымкентте әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға 33,5 млрд теңге бағытталды

Шымкентте әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға 33,5 млрд теңге бағытталды

23.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.