AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Миллиондық аудиториясы бар әлемдік тревел-блогерлер Алматыны әлемге танытады

02.06.2026
Санаты: Мәдениет
Миллиондық аудиториясы бар әлемдік тревел-блогерлер Алматыны әлемге танытады

ALMATY — ADYM.KZ / Қазақстанның туристік әлеуеті жаһандық цифрлық кеңістікте жаңа серпін алды. Осы аптада Алматы қаласына миллиондаған жазылушысы бар әлемге танымал танымал креаторлар Джо Хаттаб (Joe Hattab) пен Джошуа Платильеро (Joshua PlatiIiero) арнайы шығармашылық сапармен келді.

Отандық танымал блогер Дастан Мұхамедрахымның ұйытқы болуымен және ресми ведомстволардың қолдауымен өткен бұл турдың басты мақсаты көшпенділер мәдениеті мен Жетісу өңірінің табиғи інжу-маржандарын әлемдік деңгейде дәріптеу.

Бұл сапардың Қазақстан үшін медиалық салмағы өте жоғары, себебі блогерлердің контенті халықаралық деңгейде тренд қалыптастыра алады. Джо Хаттаб ютуб және әлеуметтік желілердегі жалпы аудиториясы 10 миллионнан асатын, деректі фильм форматындағы сапалы видеоларымен танымал араб әлемінің ең ықпалды тревел-диджитал креаторларының бірі. Оның сюжеттері мәдениеттердің тереңдігін ашуға бағытталған. Ал, Джошуа Платильеро әлемнің ең экзотикалық нүктелерінен кинематографиялық стильде визуалды эстетикасы жоғары контент жасайтын танымал инфлюенсер.

Ұйымдастырушылар шетелдік қонақтар үшін Орталық Азияның қонақжайлылығы мен қазақ мәдениетінің байлығын толық сезіндіретін ерекше бағдарлама әзірлеген.

Түсірілім тобы Алматының маңындағы ең көрікті жерлерді аралады.

Шетелдік блогерлер қазақ үйдің құрылымымен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Олар әсіресе қазақтың қонақжайлылық дәстүрі мен ет асу, қымыз сапыру мәдениетіне ерекше тәнті болды.

Кинематографиялық кадрлар түсіру үшін топ Шарын шатқалы мен Көлсай, Қайыңды көлдеріне жол тартты. Олар Қазақстан табиғатының контрастына бір жағы шағын каньондар, екінші жағы мәңгілік мұздықтар мен жайқалған қылқан жапырақты ормандардың көршілес орналасуына таңғалыстарын жасырмады.

Қыран құс баптаған бүркітшілермен кездесу және ат үстіндегі көкпар, аударыспақ секілді ұлттық ойындар Джо Хаттабтың болашақ деректі видеосының негізгі өзегіне айналды

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының өкілдері атап өткендей, мұндай халықаралық инфлюенсерлерді тарту дәстүрлі жарнамаға қарағанда әлдеқайда тиімді әрі тікелей нәтиже беретін заманауи маркетингтік құрал.

Редакция түйіні: Джо Хаттаб пен Джошуа сияқты алпауыт креаторлардың парақшаларында Қазақстан туралы видеолардың жарық көруі Таяу Шығыс, Еуропа және Америкадан келетін туристер ағынын еселеуге тікелей ықпал етпек.

Алматы тек демалыс орны ғана емес, әлемдік деңгейдегі контент өндіруге сұранып тұрған креативті индустрияның орталығы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жақын күндері блогерлердің миллиондаған қаралым жинайтын Алматы сапары туралы ауқымды туындылары әлеуметтік желілерде жарияланбақ.

Жаңалықты Adym.kz порталымен бірге бақылаңыздар.

Ілмек: Joe HattabJoshua PlatiIieroАлматыКреаторҚазақстанТабиғатТревел-блогер
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі

Ұсынамыз

Шымкентте жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкентте жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

17.09.2026
Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

08.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.