AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шайдоров дауы шешілді: Спорт министрлігі мәнерлеп сырғанаушымен келісімшартқа отырды

01.06.2026
Санаты: Спорт
Шайдоров дауы шешілді: Спорт министрлігі мәнерлеп сырғанаушымен келісімшартқа отырды

Мәнерлеп сырғанаудан ел мақтанышы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың төңірегіндегі шулы мәселе оңтайлы шешімін тапты. Енді спортшының жалақысы мен дайындық қаржысы уақытылы және толық көлемде төленетін болады. Бұл туралы Adym.kz ақпараттық сайты ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап, мәлімдейді.

Соңғы уақытта қоғамда үлкен талқылау тудырған спортшы мен ведомство арасындағы келіспеушілік толықтай ретке келтірілді. Вице-министрдің сөзінше, жаңа келісімшарт Шайдоровтың командасына жолданып, қос тарап ресми түрде қол қойған.

«Михаил Шайдоров-отандық спорттың мақтанышы, өз есімін ел спортының тарихына алтын әріптермен жазған саңлақ. Біз оны әрдайым қолдаймыз және халықаралық аренада биік жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз. Құжатқа қол қою рәсімі толығымен заң талаптарына сәйкес өтті. Тараптар ортақ мәмілеге келіп, келісімшарттың барлық тармағын жан-жақты талқылады»,-деп атап өтті Серік Жарасбаев.

Министрлік құжатты жұмыс тәртібімен қабылдап үлгерген. Алдағы уақытта келісімшартта көрсетілген барлық қаржылық міндеттемелер мен төлемдер спортшыға еш кедергісіз, толық көлемде аударылады.

Алда – АҚШ-тағы жиын және Олимпиадаға дайындық.  Министрліктің таратқан ресми ақпаратына сүйенсек, Михаил Шайдоров жаңа маусымға қызу дайындықты бастап кетпек. Таяу күндері Михаил Шайдоров өз командасымен бірге Туризм және спорт министрлігіне арнайы барады. Кездесуде алдағы жоспарлар, келесі Олимпиадаға дайындық барысы және елімізде мәнерлеп сырғанауды дамытудың жаңа тетіктері талқыланады. 5 маусымда отандық мәнерлеп сырғанау шебері жаңа маусымға дайындық жиындарын өткізу үшін АҚШ-қа аттанады. Осылайша, спортшының алаңсыз жаттығуына мүмкіндік туды.

Ендігі кезек мұздағы жаңа жеңістерде.

Ілмек: Мәнерлеп сырғанауМихаил ШайдоровОлимпиада чемпионыТуризм және спорт министрлігі
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қымбат Ахмет қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан кубогында топ жарды

Қымбат Ахмет қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан кубогында топ жарды

Автор: adym
29.08.2026
0

ADYM.KZ / Ақмола облысының Щучинск қаласында ересектер арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген мықты спортшылар қатысып, жекпе-жек техникасы, дене дайындығы мен төзімділіктерін...

Сергей Емельянов пен Мария Бровкова әлем чемпионатының финалында бақ сынайды

Сергей Емельянов пен Мария Бровкова әлем чемпионатының финалында бақ сынайды

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстандық ескекшілер Польшада өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионатында тағы екі финалға жолдама алды. Познань қаласында ұйымдастырылған әлем біріншілігінде Сергей Емельянов пен Мария Бровкова...

Дастан Сәтпаев «Бернлидегі» алғашқы күндері мен командадағы атмосфера туралы айтты

Дастан Сәтпаев «Бернлидегі» алғашқы күндері мен командадағы атмосфера туралы айтты

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ағылшындық «Бернли» клубындағы алғашқы күндері, жаңа командаға бейімделу процесі және ұжым ішіндегі атмосфера туралы пікір білдірді. Жас футболшының айтуынша, жаңа командадағы...

Қазақстан күзде әлемдік деңгейдегі ірі спорттық жарыстар мен WADA отырыстарын қабылдайды

Қазақстан күзде әлемдік деңгейдегі ірі спорттық жарыстар мен WADA отырыстарын қабылдайды

Автор: adym
26.08.2026
0

ADYM.KZ / Астана мен Алматы қалаларында биыл күзде спорт саласындағы бірқатар ірі халықаралық жарыстар мен маңызды жиындар өтеді. Олардың қатарында әлем чемпионаттары, халықаралық спорттық сериялардың кезеңдері, олимпиадалық және...

Келесі
Алатау қаласында құны 2 трлн теңгеден асатын 53 инвестициялық жоба іске асады

Алатау қаласында құны 2 трлн теңгеден асатын 53 инвестициялық жоба іске асады

Ұсынамыз

Бейжің қысқы спорт тарихында алғаш рет төрт әлем чемпионатын қатар өткізеді

Бейжің қысқы спорт тарихында алғаш рет төрт әлем чемпионатын қатар өткізеді

12.06.2026
Қазақстанның ірі қалаларындағы жанармай нарығы: Бүгінгі баға қандай?

Қазақстанның ірі қалаларындағы жанармай нарығы: Бүгінгі баға қандай?

08.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Путин сыйлаған төрт жолбарыс: Қазақстанға «Дала еркесінің» оралуы нені білдіреді?

    587 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • 2026–2027 оқу жылында оқушылар қандай жаңа курстарды оқиды?

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
  • Президент Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.