AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Баку Орталық Азия мен Таяу Шығысқа арналған AI орталығына айналмақ

19.07.2026
Санаты: Технология
Баку Орталық Азия мен Таяу Шығысқа арналған AI орталығына айналмақ

ADYM.KZ /  Әзербайжанда Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдеріне қызмет көрсететін жасанды интеллект саласындағы өңірлік озық тәжірибе орталығы құрылады. Бұл жоба елдің цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған.

Тиісті меморандумға Әзербайжанның Инновациялар және цифрлық даму агенттігі (İRİA) мен халықаралық Polygraf AI стартапы қол қойды.

Келісім аясында Баку қаласында жасанды интеллект шешімдерін әзірлеу және енгізу платформасы іске қосылып, технология, инженерия және киберқауіпсіздік бағыттарында жергілікті мамандардан құралған кәсіби команда жасақталады.

Жоба аясында жасанды интеллект, машиналық оқыту, деректерді қорғау және киберқауіпсіздік салаларында кадр даярлауға басымдық беріледі. Осы мақсатта технопарктер мен жоғары оқу орындарының қатысуымен білім беру бағдарламалары, тағылымдамалар және тәжірибе алмасу жобалары ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, тараптар жасанды интеллект қауіпсіздігі, дербес деректерді қорғау, жалған және синтетикалық контентті анықтау бағытында бірлескен зерттеулер мен технологиялық шешімдерді жүзеге асырады. Сондай-ақ Әзербайжанда мемлекеттік және жеке секторға арналған пилоттық жобалар іске қосылады.

Бастама Әзербайжанның 2025–2028 жылдарға арналған жасанды интеллект стратегиясы мен 2026–2028 жылдарға арналған цифрлық дамуды жеделдету жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, серіктестер әзербайжандық цифрлық өнімдерді халықаралық нарыққа, оның ішінде Африка елдеріне шығаруды көздеп отыр.

Ілмек: ӘзербайжанБакуЖИКәсіби командаОрталық Азия
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

Ұсынамыз

Қазақстан Еуропамен ғылым және жасанды интеллект саласындағы әріптестікті күшейтеді

Қазақстан Еуропамен ғылым және жасанды интеллект саласындағы әріптестікті күшейтеді

23.06.2026
Елімізде жасанды интеллект кино индустриясына ене бастады

Елімізде жасанды интеллект кино индустриясына ене бастады

28.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.