ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұжымы да назарға алып, онда айтылған негізгі бағыттар мен алдағы кезеңге арналған міндеттермен танысты.
Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар жастарға сапалы білім алуға, еңбек нарығында өз орнын табуға, кәсіпкерлікпен айналысуға және әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік жасау қажеттігі де маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылды.
Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер елдің ұзақ мерзімді дамуына, қоғамның тұрақтылығы мен халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл бастамаларды жүзеге асыруда әр азаматтың, әсіресе жас ұрпақтың белсенділігі мен жауапкершілігі ерекше маңызға ие. Өйткені жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің ертеңін қалыптастыратын негізгі буын.
Осы тұрғыда «Жастар ресурстық орталығы» ұжымы Жолдауда белгіленген басымдықтарды жастар арасында кеңінен түсіндірудің және олардың азаматтық белсенділігін арттырудың маңызын атап өтті. Жастардың құқықтық сауаттылығын көтеру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіптік бағдар беру, волонтерлік қозғалысты дамыту және мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігіне назар аударылды.
Сондай-ақ жастардың қоғам өміріне белсенді араласуы, тың бастамалар көтеріп, ел дамуына өз үлесін қосуы маңызды екені айтылды. Ол үшін жастарға қолдау көрсетіп, олардың білім алуына, кәсіби қалыптасуына және шығармашылық әлеуетін дамытуына жағдай жасау қажет.
Жолдауда көтерілген міндеттерді іске асыру – ортақ жауапкершілік. Ал жастардың жаңашыл көзқарасы, білімі мен жігері еліміздің тұрақты дамуына серпін беріп, жарқын болашаққа бастайтын маңызды күш болмақ.








