AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығы мәселелері талқыланды

30.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығы мәселелері талқыланды

ADYM.KZ / Шымкент қалалық ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар аясындағы рухани тәрбие – ұрпақтар сабақтастығының негізі» тақырыбында форум өтті. Маңызды жиынның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы рухани тәрбиенің рөлін арттыру, сондай-ақ аға буын мен жас ұрпақ арасындағы байланысты нығайту.

Форумға «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжехан Атақұлұлы Төлебаев, зиялы қауым өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, жастар және дін саласының өкілдері қатысты.

Жиын барысында ұлттық тәрбие, тарихи сана, дәстүрлі дін мен ұлттық бірегейлік, отбасы құндылықтары, жастардың азаматтық жауапкершілігі секілді өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Қатысушылар ұлттың рухани негізін сақтауда тарихи мұра мен дәстүрдің, отбасы тәрбиесі мен қоғамдық ортаның маңызына назар аударды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам және заң қайраткері Бекет Тұрғараұлы Тұрғараев «Алтын Орда – тарихи сана мен бабалар аманаты» тақырыбында баяндама жасап, тарихи мұраны зерделеу мен оны келер ұрпаққа жеткізудің маңызын атап өтті. Ал Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов дәстүрлі дін мен ұлттық бірегейліктің өзара сабақтастығына тоқталды.

Сонымен қатар «Жанұя жарасымы» отбасыларға кеңес беру орталығының басшысы Асылбек Әуезханұлы Ноғаев отбасы институтын нығайту, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптеу мәселелерін көтерді. Қалалық ардагерлер кеңесінің пленум мүшесі Әбила Көздібайқызы Көздібаева жастар тәрбиесі мен жасампаз патриотизмнің маңызына тоқталды. Қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман үлкенге құрмет көрсету, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру жөнінде пікір білдірді.

Форумда көтерілген мәселелер аға буынның өмірлік тәжірибесін жас ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалану, ұлттық сананы қалыптастыру және қоғамдағы өзара құрмет пен жауапкершілікті нығайту қажеттігін көрсетті.

Жиынды қорытындылаған қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтарды сақтау ісіне қоғам болып атсалысудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ форум шешімі мен қала тұрғындарына арналған үндеу жобасын қабылдау мәселесі қаралды.

Форум қорытындысы бойынша ұлттық құндылықтарды сақтау, ұрпақ тәрбиесіне ортақ жауапкершілікпен қарау және қоғамдағы рухани сабақтастықты нығайту жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/JbNhVEuPNG0?si=-fv8FDkFsWwTm9y5

SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Автор: adym
06.11.2026
0

Адами капиталдың сапасын арттыру және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекет саясатының маңызды басымдықтарының бірі. Бұл бағытта білім беру жүйесін жетілдірумен қатар, балалардың сапалы білім...

«Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол инфрақұрылымымен қамтылды

«Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол инфрақұрылымымен қамтылды

Автор: adym
05.11.2026
0

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында өнеркәсіптік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған тұйықталған теміржол желісінің құрылысы аяқталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков атқарылған жұмыстардың нәтижесімен танысып, жаңа инфрақұрылымның мүмкіндіктерін көрді, деп...

ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА – ДВИЖУЩАЯ СИЛА НОВОЙ ЭПОХИ

ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА – ДВИЖУЩАЯ СИЛА НОВОЙ ЭПОХИ

Автор: adym
05.11.2026
0

Современный мир вступил в период, когда электроэнергия становится одним из ключевых ресурсов экономического и технологического развития. Рост промышленного производства, цифровизация, внедрение новых технологий и открытие предприятий значительно увеличивают...

ИНФРАҚҰРЫЛЫМНАН АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫНА ДЕЙІН: ЖОЛДАУ БАСЫМДЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМНАН АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫНА ДЕЙІН: ЖОЛДАУ БАСЫМДЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Автор: adym
05.11.2026
0

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басымдықтарды насихаттауға...

Келесі
Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді жолы

Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді жолы

Ұсынамыз

Шымкент жастары газ қазандықтарын өндіру үдерісімен танысты

Шымкент жастары газ қазандықтарын өндіру үдерісімен танысты

16.10.2026
Урбанистика: Ұлытау облысында апатты үйлерді жаппай сүру және жаңа тұрғын үй қорын құру басталды

Урбанистика: Ұлытау облысында апатты үйлерді жаппай сүру және жаңа тұрғын үй қорын құру басталды

25.05.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.