AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Батпырауықтар фестивалі мерекелік көңіл-күй сыйлады

25.10.2026
Санаты: Аймақ
Батпырауықтар фестивалі мерекелік көңіл-күй сыйлады

Республика күні мерекесінде Шымкент аспаны түрлі түске боялды. 25 қазанда Shymkent City Park саябағында отбасыларды, балаларды, қала тұрғындары мен қонақтарын біріктірген батпырауықтар фестивалі өтті. Мерекелік іс-шараны «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырды.

Фестивальдің ең әсерлі сәттерінің бірі – бір мезетте 1000 батпырауықтың көкке көтерілуі болды. Сонымен қатар, келушілерге батпырауық ұшыру жарыстары, алып әуе құрылымдарының шоуы, балаларға арналған шеберлік сабақтары мен интерактивті бағдарламалар ұсынылды.

Мерекелік көңіл күйді концерттік қойылымдар, би нөмірлері мен диджейлердің музыкалық бағдарламалары толықтырды. Кішкентай қонақтар үшін аниматорлар жұмыс істеп, сабын көпіршіктерінің шоуы ұйымдастырылды. Ал, арнайы демалыс аймақтары отбасыларға таза ауада жайлы уақыт өткізуге мүмкіндік берді.

«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Заманбек Орынбеков фестиваль тек мерекелік іс-шара ғана емес, сонымен қатар, қаланың отбасылық демалыс үшін тартымды орын екенін көрсетуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

– Біз Шымкент тұрғындары мен қонақтарына жарқын эмоциялар сыйлап, Республика күнін жақындарымен бірге атап өтуге мүмкіндік беруді мақсат еттік. Мұндай іс-шаралар ерекше атмосфера қалыптастырып, адамдарды біріктіреді әрі қаланың туристік әлеуетін ашуға ықпал етеді. Шымкентте отбасылар мен өзге өңірлерден келетін қонақтарды тартатын іс-шаралардың көбейгені біз үшін маңызды, – дейді Заманбек Орынбеков.

Фестиваль алаңында балалар батпырауық ұшыруды үйренсе, ересектер түрлі белсенді шараларға қатысып, мерекелік бағдарламаны тамашалады. Көптеген тұрғындар фестивальге отбасыларымен бірге келіп, әсерлі сәттерді бөлісіп, естелік суреттерге түсті.
Мерекелік бағдарламаның тағы бір бөлігі – мотоцикл маусымының жабылуы болды. Оған Республика күнін бірге атап өтуге келген 200-ге жуық мотоциклші қатысты.

Ілмек: Батпырауықтар фестиваліРеспублика күніШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Праздничный концерт завершился салютом

Праздничный концерт завершился салютом

Автор: adym
26.10.2026
0

ADYM.KZ / На площади «Астана» в Шымкенте продолжился праздничный концерт, посвящённый национальному празднику — Дню Республики. Масштабное культурное мероприятие объединило жителей и гостей города, подарив им яркие эмоции,...

Мерекелік концерт отшашумен қорытындыланды

Мерекелік концерт отшашумен қорытындыланды

Автор: adym
26.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласындағы «Астана» алаңында ұлттық мереке – Республика күніне арналған мерекелік концерт екінші күні де жалғасын тапты. Көтеріңкі көңіл күйге толы мәдени іс-шараға қала тұрғындары мен...

Тысяча воздушных змеев украсила небо Шымкента

Тысяча воздушных змеев украсила небо Шымкента

Автор: adym
25.10.2026
0

В День Республики небо над Шымкентом наполнилось яркими красками. 25 октября в парке Shymkent City Park состоялся фестиваль воздушных змеев, объединивший семьи с детьми, жителей и гостей города....

Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

Автор: adym
25.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласындағы «Астана» алаңы Республика күні қарсаңында ерекше мерекелік рухқа бөленді. Ұлттық мерекеге арналған ауқымды халықтық іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, елдік пен бірлікті, ұлттық...

Келесі
Тысяча воздушных змеев украсила небо Шымкента

Тысяча воздушных змеев украсила небо Шымкента

Ұсынамыз

Тоқаев Таиланд Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Тоқаев Таиланд Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

17.07.2026
Жаңа салық жүйесі құжаттарды өңдеу мерзімін 10 есе жеделдетті

Жаңа салық жүйесі құжаттарды өңдеу мерзімін 10 есе жеделдетті

15.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.