AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Valmont Industries суару техникасын Қазақстанда өндіруге кіріседі

19.06.2026
Санаты: Басты, Технология
Valmont Industries суару техникасын Қазақстанда өндіруге кіріседі

ADYM.KZ / Қазақстанда жаңбырлатып суару машиналарын өндіру жобасы іске асырылуда. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Valmont Industries компаниясының Еуразия және Латын Америкасы бойынша аймақтық вице-президенті Филипп Шмидт-Хольцман бастаған делегациямен кездесуі барысында белгілі болды.

Кездесуде суармалы егіншілікті дамыту, су үнемдеу технологияларын енгізу және әлемдегі ірі ирригациялық жабдық өндірушілерінің бірі саналатын Valmont Industries компаниясының VALLEY жаңбырлатып суару машиналарын Қазақстанда жергіліктендіру жобасы талқыланды.

Серік Жұманғарин суармалы жерлер көлемін ұлғайту агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

– Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында зор әлеует бар. Мемлекет басшысының суармалы жерлер көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, заманауи ирригациялық техника өндірісін дамыту ерекше маңызды. Valmont Industries жобасы фермерлер үшін қажетті жабдықтарды жеткізу мерзімін едәуір қысқартады, – деді вице-премьер.

Қазіргі уақытта VALLEY суару машиналарын жергілікті құрастыру жобасы соңғы кезеңге жетті. Өндірістік алаң «Имсталькон» АҚ базасында құрылған. Мұнда қажетті инфрақұрылым толық дайындалып, кедендік және еркін қойма режимдері қарастырылған.

Жобаның нарықтық әлеуеті де жоғары бағалануда. Қарағанды облысының өзінде шамамен 250 жаңбырлатып суару машинасын өндіруге арналған жобалар портфелі қалыптасқан. Бұл 25 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы алқабын суаруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында өндірісті жергіліктендіру ауыл шаруашылығы өндірушілерінің заманауи техникаға қолжетімділігін арттырып, жабдық жеткізу мерзімін қысқартатыны атап өтілді. Сондай-ақ бұл жоба Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу мен суармалы егіншілікті дамытуға серпін бермек.

Кездесу қорытындысында Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, өндірісті жергіліктендіру жұмыстарын жалғастыруды және фермерлердің заманауи ирригациялық техникаға қолжетімділігін арттыру бағытында инвесторлармен жұмысты күшейтуді тапсырды.

Ілмек: Valmont IndustriesҚазақстанСуару техникасы
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президенті Яков Милатовичті ресми қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президенті Яков Милатовичті ресми қарсы алды

Ұсынамыз

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44,9 млрд долларға жетті

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44,9 млрд долларға жетті

07.07.2026
Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады

Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады

11.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.