AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақ тілі ЖИ жүйелерінде кеңінен қолданылуы үшін 30-дан астам цифрлық ресурс әзірленді

04.09.2026
Санаты: Жаңалықтар
Қазақ тілі ЖИ жүйелерінде кеңінен қолданылуы үшін 30-дан астам цифрлық ресурс әзірленді

ADYM.KZ / Қазақ тілін цифрлық кеңістікте дамыту және оның жасанды интеллект жүйелерінде кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл ретте сапалы цифрлық деректер қорын қалыптастыруға ерекше мән берілуде.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Анар Фазылжанның айтуынша, жасанды интеллект жүйелерінің белгілі бір тілді сапалы тануы үшін сол тілдегі цифрлық мәтіндердің көлемі ғана емес, олардың арнайы белгіленіммен, яғни аннотациямен қамтылуы да маңызды.

«Аннотацияланған, яғни белгіленім қойылған цифрлық мәтіндері көп тіл жасанды интеллектте бірден танымал болады», – деді Анар Фазылжан.

Оның айтуынша, қазақ тілін цифрлық ортада дамытуға бағытталған жұмыстардың нәтижесінде бүгінде түрлі мақсаттағы 30-дан астам цифрлық ресурс әзірленген.

Қазақ тіліне арналған 30-дан астам цифрлық ресурс бар

Жаңа цифрлық өнімдер оқушыларға, мұғалімдерге, тіл үйренушілерге және қазақ тіліне қызығушылық танытатын кең аудиторияға арналған.

Олардың қатарында 4,5 миллион қимаға негізделген картотекалық цифрлық база, электрондық тілтанымдық кітапхана және бірнеше сөздіктің мәліметтерін бір жерге жинақтайтын AmbiVob электрондық сөздігі бар.

Анар Фазылжанның сөзінше, тұңғыш электрондық тілтанымдық кітапхана қазақ тіліндегі ғылыми және әдеби қорды цифрлық форматта қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Пайдаланушылар қажетті әдебиетті тек автордың аты арқылы ғана емес, тірек сөздер мен терминдер бойынша да іздей алады.

Бұл ресурстар қазақ тіліндегі мәтіндерді жинақтау, жүйелеу және цифрлық ортада пайдалануға мүмкіндік беретін маңызды құралдардың біріне айналып отыр.

Ақылды мәтін түзеткіш әзірленді

Институт мамандары қазақ тіліндегі мәтіндердің сапасын арттыруға бағытталған құралдарды да әзірлеген.

Солардың бірі – орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қателерді анықтап, түзетуге мүмкіндік беретін ақылды мәтін редакторы.

Бұл құрал қазақ тілінде мәтін әзірлейтін пайдаланушылардың жұмысын жеңілдетіп, жазу мәдениетін жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қатар мамандар PDF форматындағы қазақша мәтіндерді Word құжатына айналдыратын автоматты мәтін тану бағдарламасын жасаған.

Мұндай технологиялар қағаз және электрондық құжаттардағы қазақ тіліндегі мәтіндерді цифрлық форматқа көшіруді жеңілдетіп, оларды кейінгі өңдеу мен түрлі цифрлық жүйелерде пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақ тілінің цифрлық әлеуеті артып келеді

Мамандардың айтуынша, қазақ тілінің жасанды интеллект жүйелерінде сапалы қолданылуы үшін тілдің цифрлық ресурстарын одан әрі толықтыру маңызды.

Бұл бағытта жинақталған мәтіндерді аннотациялау, тілдік деректер қорын кеңейту, сөздіктер мен электрондық кітапханаларды дамыту, сондай-ақ мәтінді автоматты түрде өңдейтін технологияларды жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Осылайша, қазақ тілін цифрландыру тек тіл үйренуге арналған электрондық ресурстарды көбейтумен шектелмей, қазақ тілінің жасанды интеллект, автоматты мәтін өңдеу және басқа да заманауи цифрлық технологияларда толыққанды қолданылуына қажетті тілдік инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталып отыр.

Ілмек: Жасанды интеллектҚазақ тілі
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады

Автор: adym
22.09.2026
0

ADYM.KZ / Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау әр адамның күнделікті әдетіне айналуы керек. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы ерекше. Бұл тек қоқыс жинап, аумақты...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Үкіметтегі кадрлық өзгеріс: Туризм және спорт, Ғылым және жоғары білім министрлері тағайындалды

Үкіметтегі кадрлық өзгеріс: Туризм және спорт, Ғылым және жоғары білім министрлері тағайындалды

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет құрамына қатысты кезекті кадрлық шешімдер қабылдады. Президенттің Жарлықтарымен Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрі, ал Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім...

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия жарияланбақ. Кімдерге жеңілдік беріледі?

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия жарияланбақ. Кімдерге жеңілдік беріледі?

Автор: adym
30.05.2026
0

Қазақстанда Конституцияның қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік амнистия жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Adym.kz ақпараттық сайты Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап мәлімдейді. Ведомствоның түсіндіруінше, Мемлекет басшысының бастамасы елдің...

Келесі
Шымкенттегі «Арбат» саябағында жастарға «Заң мен тәртіп» тақырыбында құқықтық кеңес берілді

Шымкенттегі «Арбат» саябағында жастарға «Заң мен тәртіп» тақырыбында құқықтық кеңес берілді

Ұсынамыз

В Шымкенте подвели итоги работы по обеспечению экологической безопасности за 9 месяцев

В Шымкенте подвели итоги работы по обеспечению экологической безопасности за 9 месяцев

11.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ядролық қаруды қолдануға қатысты қауіп-қатерді жою үшін батыл қадамдар қажет

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ядролық қаруды қолдануға қатысты қауіп-қатерді жою үшін батыл қадамдар қажет

29.08.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.