AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

АҚШ Конгресінің делегациясы Қазақстанның креативті индустриясымен танысты

26.08.2026
Санаты: Басты, Мәдениет
АҚШ Конгресінің делегациясы Қазақстанның креативті индустриясымен танысты

АҚШ Конгресінің делегациясы Астана қаласындағы Креативті индустрияларды дамыту қорына барып, Қазақстанда осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында шетелдік қонақтарға қор қызметінің негізгі бағыттары, креативті экономиканы дамытуға арналған бастамалар және отандық шығармашылық кәсіп өкілдеріне көрсетіліп жатқан қолдау шаралары таныстырылды.

Делегация мүшелері қазақстандық шеберлер мен креативті индустрия өкілдерінің қолынан шыққан түрлі бұйымдарды тамашалады. Атап айтқанда, қонақтарға зергерлік өнер, ағаш және тері өңдеу, ұлттық және заманауи музыкалық аспаптар жасау, сән индустриясы, кілем тоқу, қыш өнері мен бейнелеу өнері салаларындағы жұмыстар ұсынылды.

Экспозиция арқылы қазақ халқының дәстүрлі қолөнері мен ұлттық мәдени мұрасының қазіргі креативті индустриямен сабақтастығы көрсетілді. Шеберлердің еңбегі ұлттық құндылықтарды сақтап қана қоймай, оларды заманауи шығармашылық және кәсіпкерлік бағыттармен ұштастырудың мүмкіндігін танытты.

Сондай-ақ АҚШ Конгресінің делегациясына қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрін дәріптейтін арнайы музыкалық бағдарлама ұсынылды. Қонақтар ұлттық өнер мен мәдени мұраның заманауи форматта насихатталуымен танысты.

Кездесу Қазақстандағы креативті индустрияның даму әлеуетін, ұлттық мәдениетті шығармашылық экономика арқылы ілгерілетудің мүмкіндіктерін және отандық шеберлердің халықаралық деңгейде таныла түсуіне жол ашатын бағыттарды көрсетуге мүмкіндік берді.

Ілмек: АҚШ КонгресіДелегацияКреативті индустрияҚазақстан
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
2026–2027 оқу жылында оқушылар қандай жаңа курстарды оқиды?

2026–2027 оқу жылында оқушылар қандай жаңа курстарды оқиды?

Ұсынамыз

Жастар арасында есірткіге қарсы күрес және алдын алу жұмыстары күшейтілуде

Жастар арасында есірткіге қарсы күрес және алдын алу жұмыстары күшейтілуде

26.08.2026
Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылып, жаңа цифрлық стратегия бекітіледі

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылып, жаңа цифрлық стратегия бекітіледі

04.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.