AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкент: Буллинг пен кибербуллингке қарсы күресте жастар, жасөспірімдер қауіпсіздігіне басымдық берілді

29.08.2026
Санаты: Аймақ
Шымкент: Буллинг пен кибербуллингке қарсы күресте жастар, жасөспірімдер қауіпсіздігіне басымдық берілді

ADYM.KZ / Білім беру ұйымдарында кездесетін буллинг пен кибербуллинг мәселесі қоғамның ерекше назарын талап етеді. Құрдастары тарапынан қорқытуға, мазақтауға немесе психологиялық қысымға ұшыраған балалардың эмоционалдық жағдайы мен әлеуметтік бейімделуіне кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты Шымкент қаласында «Мейірімді мегаполис» бастамасы аясында жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында психологиялық-құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қалалық білім басқармасы мен полиция департаментінің ювеналды бөлімшелері бірлесіп, мектептер мен колледждерде «Буллинг деген не және одан қалай қорғануға болады?» тақырыбында тренингтер мен семинарлар ұйымдастырды. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру және қысым көрсету жағдайларына бейжай қарамауға үйрету.

Кездесулер барысында жасөспірімдерге буллингтің негізгі белгілері, оның психологиялық салдары және кибербуллингтің әлеуметтік желілер арқылы таралу ерекшеліктері түсіндірілді. Сондай-ақ интернетте қорлайтын пікірлер жазу, жеке мәліметтерді рұқсатсыз жариялау, қорқыту және физикалық күш көрсету сияқты әрекеттердің салдары туралы айтылды. Мамандар мұндай жағдайға тап болған балаларға сенімді ересектерден, педагогтерден немесе психологтерден көмек сұраудың маңызын жеткізді.

Психолог-сарапшы Гүлмира Төлегенова буллингтің бала психологиясына тигізетін әсеріне тоқталды.

«Көп жағдайда буллингке ұшыраған балалар тұйықталып, ауыр психологиялық күйзеліске тап болуы мүмкін. Ал қысым көрсеткен жасөспірімдер өз әрекетінің салдарын әрдайым түсіне бермейді. Сондықтан мектеп психологтері мен ұстаздар балалармен тығыз жұмыс істеп, мәселені ерте кезеңде анықтауы қажет. Ашық диалог, өзара сыйластық және балалардың құқықтарын түсіндіру қатыгездіктің алдын алуға көмектеседі», – деді ол.

Мамандардың айтуынша, білім беру ұйымдарында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, сенім телефондарының қолжетімділігін қамтамасыз ету және психологиялық қолдау қызметтерін жетілдіру маңызды. Бұл балалардың өз мәселесін ашық айтуына және қажетті көмекті уақытылы алуына мүмкіндік береді.

Буллингтің алдын алу – ата-аналар, педагогтер, психологтер мен қоғамның ортақ міндеті. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, әрбір баланың қауіпсіз білім алуына және тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталмақ.

Ілмек: БуллингЖастарКибербуллингШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Жас кәсіпкерлер және заң талаптары: Құқықтық сауаттылық – табыстың кепілі

Жас кәсіпкерлер және заң талаптары: Құқықтық сауаттылық – табыстың кепілі

Ұсынамыз

Hippocratic AI Raises $50M to Develop AI-Powered Health Assistants

31.03.2026
Аким Шымкента принял участие в экологической акции «Таза Қазақстан»

Аким Шымкента принял участие в экологической акции «Таза Қазақстан»

19.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.