AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстандық баяншылар «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауында топ жарды

28.08.2026
Санаты: Мәдениет
Қазақстандық баяншылар «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауында топ жарды

ADYM.KZ / Астанада баяншылар мен аккордеоншылардың «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауы мәресіне жетті. Әлемнің 16 елінен келген 153 өнерпаз бақ сынаған байқауда қазақстандық музыканттар жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше жүлдеге ие болды.

Байқаудың негізгі аталымында Қазақстан атынан өнер көрсеткен Жандос Сауыт жеңімпаз атанды. Сонымен қатар қазақстандық Scythians триосы «Әлемдік музыка ансамблі» аталымында бірінші орын иеленіп, ел қоржынына тағы бір ірі жүлде салды.

Халықаралық өнер додасына Қазақстан атынан 40 өнерпаз қатысты. Жалпы байқаудың жүлде қоры 16 млн теңгені құрады.

Байқау қорытындысы бойынша жеті аталымның жеңімпаздары анықталды. «Классикалық музыка ансамблі» аталымында ресейлік Siberian Bayan Quartet ұжымы үздік деп танылды.

Ал «Жасөспірімдер арасындағы виртуоздық эстрадалық орындаушылық» аталымында Италия өкілі Давиде Ди Джакомо жеңіске жетсе, «Жасөспірімдер арасындағы Coupe Mondiale» аталымында Жапониядан келген Фута Мидзутани топ жарды.

«Ересектер арасындағы виртуоздық эстрадалық орындаушылық» аталымында Босния және Герцеговина өкілі Джордже Перич бірінші орын алды. Ал «Coupe Mondiale шеберлері» аталымының жеңімпазы ресейлік Тимур Сетраков болды.

Жеңімпаздарға арнайы жүлделерді Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының президенті Мирко Патарини табыстады.

Қорытынды концертте байқаудың жеті аталымы бойынша үздік танылған өнерпаздар сахнаға шықты. Көрермендерге ұлттық музыка мен әлемдік классика туындылары ұсынылды. Жеңімпаздармен бірге «Қазақконцерттің» әртістері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Кештің ерекше сәттерінің бірі – 40-тан астам баяншының Құрманғазының әйгілі «Адай» күйін бірге орындауы болды. Ал салтанатты концерт Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

«Coupe Mondiale 79» тек байқаумен шектелген жоқ. Іс-шара аясында шығармашылық кездесулер, жеке концерттер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. 2021 жылғы «Coupe Mondiale» байқауының жеңімпазы Олжас Нұрланов жеке концертін ұсынып, Қазақстан мен шетелден келген белгілі музыканттар жас өнерпаздармен тәжірибе бөлісті.

Халықаралық байқауға барлығы 147 өтінім түскен. Оның 126-сы жеке орындаушылардан, 21-і ансамбльдерден қабылданған. Сонымен қатар Астанаға Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының 46 делегаты келді.

Байқауға қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, әлемнің түрлі орындаушылық мектептерінің ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алды. Ал қазақстандық өнерпаздардың жеңісі отандық баян және аккордеон мектебінің халықаралық деңгейдегі әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті.

SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Сергей Емельянов пен Мария Бровкова әлем чемпионатының финалында бақ сынайды

Сергей Емельянов пен Мария Бровкова әлем чемпионатының финалында бақ сынайды

Ұсынамыз

Пан Ги Мун: Тоқаев БҰҰ-дағы міндетін мінсіз атқарды

Пан Ги Мун: Тоқаев БҰҰ-дағы міндетін мінсіз атқарды

02.09.2026
Тоқаев Брюссельде Еуроодақ басшыларымен келіссөз жүргізеді

Тоқаев Брюссельде Еуроодақ басшыларымен келіссөз жүргізеді

22.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.