AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Дастан Сәтпаев «Бернлидегі» алғашқы күндері мен командадағы атмосфера туралы айтты

27.08.2026
Санаты: Спорт
Дастан Сәтпаев «Бернлидегі» алғашқы күндері мен командадағы атмосфера туралы айтты

ADYM.KZ / Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ағылшындық «Бернли» клубындағы алғашқы күндері, жаңа командаға бейімделу процесі және ұжым ішіндегі атмосфера туралы пікір білдірді.

Жас футболшының айтуынша, жаңа командадағы әріптестері оны жылы қабылдап, Англиядағы жаңа ортаға тезірек бейімделуіне қолдау көрсетіп жатыр.

«Жалпы командада жақсы қабылдады, бәрі мейірімді. Не керек, не керек емес екенін сұрайды, үнемі қолдау көрсетеді. Тіпті бәрімізге таныс Кайлдың өзі де қолдау көрсетіп, жақын тартып сөйлеседі», – деді Дастан Сәтпаев.

Футболшы қазіргі уақытта командадағы барлық дерлік әріптесімен араласып жүргенін айтты. Оның сөзінше, әзірге ерекше жақын араласып кеткен бір ғана командаласын бөліп көрсету қиын.

«Негізгі уақытта жеңісті шешуіміз керек еді»

Дастан Сәтпаев «Бернлидің» соңғы матчына да тоқталды. Оның пікірінше, команда кездесудегі көптеген мүмкіндікті пайдалана алмай, матч тағдырын негізгі уақытта шешіп қою мүмкіндігін жіберіп алған.

«Менің ойымша, бәрін негізгі уақытта шешуіміз керек еді. Сәттер өте көп болды, тек өзіміз жүзеге асыра алмадық. Ал пенальти – бұл лотерея. Сондықтан әрі қарай дайындаламыз. Ойлауымша, тек бірінші ойында жеңіске жету керек, содан кейін бәрі өз арнасына түседі», – деді қазақстандық шабуылшы.

Ол матчтан кейінгі бас бапкердің реакциясы туралы да айтып өтті. Сәтпаевтың сөзінше, команда басшысы «Бернлидің» төменгі лига өкіліне қарсы кездесуде жеңіске жетуі тиіс болғанын атап көрсеткен.

Ағылшын футболының жоғары қарқыны ұнайды

Қазақстандық футболшы Англиядағы ойын кестесінің тығыздығы мен футболдың жоғары қарқынына да оң бағасын берді.

«Кесте өте жақсы, дұрыстап ойнап шығасың. Бірақ қазір турнирден ұшып кеткендіктен, ойындар азырақ болатын сияқты. Сондықтан жалпы алғанда бәрі қалыпты. Қарқын өте жоғары, жақсы», – деді Сәтпаев.

Осылайша, Дастан Сәтпаев ағылшын футболына бейімделу кезеңін жалғастырып жатыр. Жас шабуылшы үшін «Бернли» сапындағы әрбір матч пен жаттығу жоғары деңгейдегі футболда тәжірибе жинап, кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев «Бернли» клубында маусым соңына дейін жалға алу келісімі негізінде өнер көрсетіп жүр. Бұған дейін қазақстандық футболшының ағылшын чемпионатында «Бернли» сапындағы алғашқы матчын өткізгені хабарланған болатын.

Ілмек: БернлиДастан СәтпаевҚазақстанФутбол
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды

Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Астана 2028 жылғы УЕФА Суперкубогының матчына қожайындық етеді. УЕФА Атқару комитеті Қазақстан астанасын беделді футбол бәсекесін өткізу орны ретінде бекітті. Матч «Астана Арена» стадионында өтеді. УЕФА-ның...

«Ол қазір жан-жақты теннисшіге айналды»: әлемдік БАҚ Рыбакинаның жаңа деңгейін бағалады

«Ол қазір жан-жақты теннисшіге айналды»: әлемдік БАҚ Рыбакинаның жаңа деңгейін бағалады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турниріндегі жеңісінен кейін әлемдік теннистің жаңа көшбасшысына айналды. Нью-Йорктегі финалда Арина Соболенконы жеңген спортшы мансабында алғаш рет WTA рейтингінде бірінші...

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Астана қаласының спортшысы Биғали Зкрияев мангала жарысының ерлер арасындағы командалық сынында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. Мангала...

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы жарысты бір алтын медальмен қорытындылады. 81 келіге дейінгі салмақта белдескен Абылайхан Жұбаназар финалға дейін...

Келесі
ОСК Құрылтайдың 145 депутатын тіркеп, куәліктері мен төсбелгілерін табыстады

ОСК Құрылтайдың 145 депутатын тіркеп, куәліктері мен төсбелгілерін табыстады

Ұсынамыз

«Астана Операда» Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

«Астана Операда» Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

04.07.2026
Қазақстанда қоныс аударушыларға арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды

Қазақстанда қоныс аударушыларға арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды

13.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.