AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстан күзде әлемдік деңгейдегі ірі спорттық жарыстар мен WADA отырыстарын қабылдайды

26.08.2026
Санаты: Спорт
Қазақстан күзде әлемдік деңгейдегі ірі спорттық жарыстар мен WADA отырыстарын қабылдайды

ADYM.KZ / Астана мен Алматы қалаларында биыл күзде спорт саласындағы бірқатар ірі халықаралық жарыстар мен маңызды жиындар өтеді. Олардың қатарында әлем чемпионаттары, халықаралық спорттық сериялардың кезеңдері, олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлерінен жарыстар, сондай-ақ Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) басқарушы органдарының отырыстары бар.

Алдағы маңызды спорттық шаралардың бірі – үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы. Сонымен қатар елімізде күрес түрлерінен әлем чемпионаты және бірқатар беделді халықаралық жарыстар ұйымдастырылады.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, Қазақстанның ірі халықаралық спорттық іс-шараларды қабылдауы халықаралық ұйымдардың елге деген сенімінің жоғары екенін көрсетеді.

«Күзде Қазақстан Президенті кубогы, әлем чемпионаттарынан бастап, ірі халықаралық сериялардың финалдарына дейінгі түрлі спорт түрлерінен жарыстарды қабылдайды. WADA басқарушы органдарының отырыстары мен күрес түрлерінен әлем чемпионаты да маңызды оқиғалардың қатарында. Бұл халықаралық спорт ұйымдарының елімізге деген жоғары сенімін көрсетеді», – деді министр.

Оның айтуынша, халықаралық жарыстарды өткізудегі басты мақсат тек спорттық іс-шараларды ұйымдастырумен шектелмеуі керек. Мұндай бәсекелер қазақстандық спортшылардың өз елінде әлемнің үздік атлеттерімен сынға түсуіне мүмкіндік беріп, отандық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, спорт инфрақұрылымын дамытуға және оқиғалық туризмді жандандыруға ықпал етуі тиіс.

Жалпы, 2026 жылы Қазақстанда әлемдік және құрлықтық деңгейдегі 20-ға жуық ірі халықаралық спорт жарысын өткізу жоспарланған.

Халықаралық жарыстардың көбеюі елдің спорттық әлеуетін арттырумен қатар, Қазақстанды шетелдік спортшылар, жанкүйерлер мен туристер үшін тартымды бағыттардың біріне айналдыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мұндай іс-шаралар қонақүй, қоғамдық тамақтану, көлік және басқа да қызмет көрсету салаларының дамуына серпін береді.

Қазақстанның халықаралық спорттық іс-шараларды қабылдауы 2027 жылы да жалғасады. Келер жылы Астанада спорттың бірнеше түрінен әлем чемпионаттары өтеді.

Атап айтқанда, елордада бокс, дзюдо, таеквондо, үстел теннисі, киберспорт және жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен алты әлем чемпионатын өткізу жоспарланған. Бұдан бөлек, Астанада УЕФА-ның 51-конгресі ұйымдастырылады.

Осылайша, Қазақстанның халықаралық спорттық күнтізбедегі орны жыл сайын нығайып келеді. Ірі жарыстарды өткізу ел спортшыларына тәжірибе жинақтауға, спорттық инфрақұрылымды дамытуға және Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін күшейтуге мүмкіндік береді.

Ілмек: WADAҚазақстанСпорт
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды

Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Астана 2028 жылғы УЕФА Суперкубогының матчына қожайындық етеді. УЕФА Атқару комитеті Қазақстан астанасын беделді футбол бәсекесін өткізу орны ретінде бекітті. Матч «Астана Арена» стадионында өтеді. УЕФА-ның...

«Ол қазір жан-жақты теннисшіге айналды»: әлемдік БАҚ Рыбакинаның жаңа деңгейін бағалады

«Ол қазір жан-жақты теннисшіге айналды»: әлемдік БАҚ Рыбакинаның жаңа деңгейін бағалады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турниріндегі жеңісінен кейін әлемдік теннистің жаңа көшбасшысына айналды. Нью-Йорктегі финалда Арина Соболенконы жеңген спортшы мансабында алғаш рет WTA рейтингінде бірінші...

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Астана қаласының спортшысы Биғали Зкрияев мангала жарысының ерлер арасындағы командалық сынында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. Мангала...

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы жарысты бір алтын медальмен қорытындылады. 81 келіге дейінгі салмақта белдескен Абылайхан Жұбаназар финалға дейін...

Келесі
«Digital Qazaqstan»: мектептер мен ЖОО-ларда жасанды интеллект кеңінен енгізіледі

«Digital Qazaqstan»: мектептер мен ЖОО-ларда жасанды интеллект кеңінен енгізіледі

Ұсынамыз

GGG есімі Мұхаммед Әли мен Майк Тайсонның қатарына қосылды

GGG есімі Мұхаммед Әли мен Майк Тайсонның қатарына қосылды

15.06.2026
Ұлттық банк банкноталардың айналымға шығар алдындағы сынақтары туралы айтты

Ұлттық банк банкноталардың айналымға шығар алдындағы сынақтары туралы айтты

15.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.