ADYM.KZ / Президент Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының бейресми консультативтік кездесуіне қатысады. Жиын барысында өңірлік ынтымақтастықты дамыту және өзара ықпалдастықты нығайту мәселелері талқыланады деп күтілуде.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевты Шолпан-Ата әуежайында Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алған.
Бұған дейін Мемлекет басшысының маңызды халықаралық кездесуге қатысу үшін Қырғызстанға аттанғаны хабарланған болатын.







