AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді басқару мәселелері талқыланды

15.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді басқару мәселелері талқыланды

ADYM.KZ / Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді пайдалану, қаржылық тәртіпті жетілдіру және цифрлық бақылау тетіктерін дамыту мәселелері талқыланды. 15 қазанда басталған өңіраралық тәжірибелік семинар-кеңес қосымша білім беруге арналған бірыңғай мемлекеттік тапсырысты іске асыру тәжірибесін таратуға арналды. Жиын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Семинарға орталық мемлекеттік органдардың, «Қазақтелеком» АҚ мен «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілдері, еліміздің 11 өңірінен әкім орынбасарлары, сондай-ақ білім беру, экономика, цифрландыру, спорт және мәдениет салаларының басшылары мен мамандары қатысты. Қатысушылар бюджет қаражатын ұтымды пайдалану, білім беру қызметтерінің қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік тапсырыстың орындалуын бақылау мәселелерін қарастырды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек білім беру жүйесін дамытуда қолда бар ресурстарды тиімді басқарудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, қаржыландыру көлемімен қатар, қаражаттың мақсатты жұмсалуы мен басқарушылық шешімдердің нәтижелілігіне де басымдық берілуі керек.

– Білім беру жүйесін дамытуда ең алдымен қолда бар мүмкіндіктерді дұрыс бағалап, ресурстарды нақты қажеттілікке қарай бағыттау маңызды. Бұл ретте қаржылық тәртіпті күшейтіп қана қоймай, жоспарлау мен бақылау жұмыстарын жетілдіру қажет. Әрбір басқарушылық шешім нақты нәтижеге негізделіп, балалардың сапалы әрі қолжетімді білім алуына ықпал етуі тиіс, – деді Сәрсен Абайұлы.

Семинарда білім беру ұйымдарының қажеттіліктерін жүйелі бағалау, қаржыландыруды тиімді жоспарлау және бөлінген қаражаттың нәтижесін бақылау мәселелеріне де назар аударылды. Қолданыстағы инфрақұрылымның мүмкіндіктерін толық пайдалану, ресурстарды нақты қажеттілікке сәйкес бөлу және белгіленген көрсеткіштердің орындалуын бағалау білім беру қызметтерінің сапасын арттырудың маңызды тетіктері ретінде қарастырылды.

Цифрлық бақылау құралдарын енгізу мәселесі де талқыланды. Шымкент қаласында қосымша білім беруге арналған бірыңғай мемлекеттік тапсырыстың пилоттық жобасы аясында балалар туралы қайталанатын жазбаларды жою, қызметтің көрсетілгенін растау және қаржыландыруды нақты қызмет алушымен байланыстыру тетіктері енгізілген. Бұл тәсіл мемлекеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мемлекеттік мектептердің бос қуаттарын пайдалану арқылы балаларды қосымша біліммен қамтуды кеңейту жолдары қарастырылды. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өңірлер арасындағы тәжірибе алмасудың және білім беру ресурстарын басқарудың тиімді тетіктерін жетілдірудің маңызын атап өтті.

Ілмек: БілімЦифрлық бақылауШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
В Шымкенте обсудили вопросы эффективного управления образовательными ресурсами

В Шымкенте обсудили вопросы эффективного управления образовательными ресурсами

Ұсынамыз

Женева: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы экономика мен медицинаны тоғыстырған жаңа стратегия қабылдады

Женева: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы экономика мен медицинаны тоғыстырған жаңа стратегия қабылдады

25.05.2026
Қазақстандағы саяси партиялар Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін мәлімдеді

Қазақстандағы саяси партиялар Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін мәлімдеді

03.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.