AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қытай БАҚ-тары Тоқаевтың сапары мен ЖИ жөніндегі бастамаларын кеңінен жариялады

17.07.2026
Санаты: Басты, Саясат
Қытай БАҚ-тары Тоқаевтың сапары мен ЖИ жөніндегі бастамаларын кеңінен жариялады

ADYM.KZ /   Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жұмыс сапары мен Дүниежүзілік жасанды интеллект (ЖИ) конференциясына қатысуы Қытайдың жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.

Қытайдың орталық және халықаралық деңгейдегі ірі медиалары Мемлекет басшысының сапарын Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейінің айқын көрінісі ретінде бағалап, оның жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысты бастамаларына ерекше назар аударды.

Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің ресми басылымы – «Жэньминь жибао» Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен өткізген келіссөздері туралы материал жариялады. Басылым екі ел басшыларының қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларын талқылағанын атап өтіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңге аяқ басқанын жазды.

Қытайдың мемлекеттік «Синьхуа» ақпарат агенттігі Президенттің сапарына арналған бірнеше мақала жариялап, ресми кездесулерді және Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясындағы сөзін жан-жақты қамтыды. Агенттік Қазақстанның жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік басқару, өнеркәсіп, көлік және білім беру салаларына енгізу жөніндегі ұстанымына, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты күшейту бастамасына назар аударды.

Ал Қытайдың мемлекеттік CCTV телерадио корпорациясы конференцияның ашылу салтанатында сөйлеген Президенттің сөзінен арнайы бейнематериалдар ұсынып, көрермендерге оның қазақ және қытай тілдеріндегі үзінділерін көрсетті.

Ірі халықаралық медиалардың бірі – China News Service әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге қытай тілінде алғыс білдірген сәтінен бейне жариялады. Сондай-ақ агенттік Мемлекет басшысының конференциядағы сөзінің қытай тіліндегі кіріспесін жеке бейнеролик ретінде ұсынып, форумның жаһандық жасанды интеллект саласындағы диалогты дамытудағы рөліне тоқталды.

Phoenix TV телеарнасы Қазақстан Президентінің жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен жаһандық басқару мәселелеріне қатысты көзқарасын кеңінен талдап, Қазақстанның цифрлық трансформация бағытындағы бастамаларын атап өтті.

Ал Гонконгтағы жетекші қытай тілді басылымдардың бірі – Wen Wei Po Президенттің конференциядағы баяндамасын жариялап, Қазақстанның жасанды интеллектті дамыту стратегиясы мен цифрлық экономиканы ілгерілету жоспарларына ерекше назар аударды.

Жалпы, Қытайдың жетекші ақпарат құралдары Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамаларын, цифрлық трансформация саясатын және екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі саяси диалогтың қарқынды дамуын кеңінен жариялады. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары халықаралық медиа кеңістіктің де ерекше назарын аударғанын көрсетті.

Ілмек: БАҚЖаңа кезеңҚытайПрезидент Қасым-Жомарт ТоқаевСи Цзиньпин
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның волонтерлік бастамалары жоғары бағаланды

БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның волонтерлік бастамалары жоғары бағаланды

Ұсынамыз

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы турнирде 4 медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы турнирде 4 медаль жеңіп алды

10.06.2026
Президенттің тапсырмасы бойынша Шымкентте әлеуметтік инфрақұрылым кеңейтілуде

Президенттің тапсырмасы бойынша Шымкентте әлеуметтік инфрақұрылым кеңейтілуде

29.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.