AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстан жасанды интеллектіні реттеу жөніндегі халықаралық сарапшылық платформаны құруға шақырды

17.07.2026
Санаты: Технология
Қазақстан жасанды интеллектіні реттеу жөніндегі халықаралық сарапшылық платформаны құруға шақырды

ADYM.KZ /  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінде жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін айтып, ЖИ этикасы мен стандарттарын әзірлейтін тұрақты сарапшылық платформаны құруды ұсынды.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы қазіргі таңда жасанды интеллект технологиялары қоғамның оны түсіну, бағалау және тиімді реттеу мүмкіндігінен әлдеқайда жылдам дамып жатқанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, жасанды интеллектіні дамыту әскери бәсекелестік пен геосаяси текетіреске емес, бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты даму қағидаттарына негізделуі тиіс.

«Мен Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер мен барлық мүдделі тараптарды жасанды интеллект стандарттары мен этикасын қалыптастыратын тұрақты халықаралық сарапшылық платформаны құруға шақырамын. Жасанды интеллектінің болашағын технология емес, адамдар айқындайды. Сондықтан бұл саланы терең меңгерген мамандарға сұраныс арта береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жастардың цифрлық дағдыларды меңгеруімен қатар, сыни ойлау қабілетін, зерттеушілік мәдениетін және жоғары этикалық жауапкершілігін дамыту маңызды екенін айтты.

Осыған байланысты Қазақстан Дүниежүзілік жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымы аясында халықаралық мектептер желісін, озық тәжірибе орталықтарын және академиялық серіктестікті қалыптастыруды ұсынды.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның жасанды интеллектінің әлеуетін бейбітшілік, орнықты даму және жалпы өркендеу жолында пайдалануға мүдделі барлық елдермен және халықаралық серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын екенін мәлімдеді.

Ілмек: АқордаЖИ жасанды интеллектПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
Зейнеткерлер енді несиені тек банк бөлімшесінде рәсімдей алады

Зейнеткерлер енді несиені тек банк бөлімшесінде рәсімдей алады

Ұсынамыз

Үкіметтегі кадрлық өзгеріс: Туризм және спорт, Ғылым және жоғары білім министрлері тағайындалды

Үкіметтегі кадрлық өзгеріс: Туризм және спорт, Ғылым және жоғары білім министрлері тағайындалды

03.09.2026
Соня Жиенбаева Португалиядағы ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты

Соня Жиенбаева Португалиядағы ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты

03.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.