AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Мексикалық жас әнші FIFA Fan Fest фестивалінде Димаштың хиттерін орындады

17.07.2026
Санаты: Мәдениет
Мексикалық жас әнші FIFA Fan Fest фестивалінде Димаштың хиттерін орындады

ADYM.KZ /  2026 жылғы футболдан FIFA әлем чемпионаты аясында Мексиканың Халиско штатындағы Сапопан қаласында өткен FIFA Fan Fest фестивалінде Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы кеңінен насихатталды. Бұл туралы DimashNews хабарлады.

FIFA мен Халиско штаты үкіметі бірлесіп ұйымдастырған ресми жанкүйерлер алаңы әлем чемпионатының ең ірі мәдени-спорттық кеңістіктерінің бірі саналады. Фестиваль аясында матчтардың тікелей көрсетілімдерімен қатар музыкалық концерттер, фольклорлық бағдарламалар, гастрономиялық және интерактивті аймақтар, сондай-ақ Мексиканың мәдени дәстүрлерін таныстыратын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мәдени бағдарламаға қатысқан 13 жастағы мексикалық жас орындаушы Анхель Херардо Коваррубиас Кабрера (сахналық есімі – Angeloo) өз өнерін Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арнады. Оның айтуынша, ол қазақстандық әншінің өнерімен 10 жасында танысып, ерекше вокалдық шеберлігі мен шығармалары арқылы дәріптелетін рухани-адамгершілік құндылықтардан шабыт алған.

2025 жылы Angeloo Димаштың SOS әнін испан тілінде орындап, La Voz Zapopan de los Niños y las Niñas байқауының жеңімпазы атанған. Осы жетістігінің арқасында ол FIFA Fan Fest сахнасында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Екі мыңнан астам көрермен жиналған концертте жас орындаушы Димаштың Diva Dance, Sinful Passion және When I’ve Got You композицияларын орындады. Оның өнеріне Dears Jalisco Mexico фан-клубының мүшелері қолдау көрсетті.

«Димаштың өнері арқылы жеткізілетін ізгі идеяларды көпшілікке насихаттау мен үшін үлкен қуаныш. Оның шығармашылығымен мүмкіндігінше көп адамның танысқанын қалаймын. Бір күні өзімен кездесіп, өміріме шабыт сыйлағаны үшін алғыс айту – менің ең үлкен арманым», – деді жас әнші.

Ілмек: FIFA әлем чемпионатыДимаш ҚұдайбергенЖас орындаушыМексика
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Қытай дамушы елдерге жасанды интеллект бойынша 5 мың оқу квотасын ұсынды

Қытай дамушы елдерге жасанды интеллект бойынша 5 мың оқу квотасын ұсынды

Ұсынамыз

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

04.09.2026
О. Бектенов: Үкімет Президенттің жоғары сенімін толық ақтауы керек

О. Бектенов: Үкімет Президенттің жоғары сенімін толық ақтауы керек

08.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.