AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қостанай креаторлары Creative Aimaq жәрмеңкесінде 4,4 млн теңгенің өнімін өткізді

13.07.2026
Санаты: Мәдениет
Қостанай креаторлары Creative Aimaq жәрмеңкесінде 4,4 млн теңгенің өнімін өткізді

ADYM.KZ /  Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Креативті индустрияларды дамыту қоры ұйымдастырған Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Қостанай облысының креативті жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Жәрмеңкеде Қостанай облысының тарихи-мәдени мұрасы, ұлттық қолөнер бұйымдары, жергілікті авторлық брендтер мен креативті индустрия өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-шара аясында «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Айбек Қалиевпен кездесу ұйымдастырылды. Келушілер ақынның жеке домбырасын, ұлттық музыкалық аспаптарды және Қостанай өңірінен шыққан тарихи тұлғаларға арналған арнайы экспозицияны тамашалады.

Сондай-ақ қостанайлық дизайнерлердің этностильдегі жаңа топтамалары көрсетіліп, Нью-Йорктегі MobFilm Festival халықаралық кинофестивалінің финалисі атанған «Қалам» мобильді фильмі таныстырылды. Бұдан бөлек, өңір жастары әзірлеген заманауи техникалық жобалар мен Қазақстандағы алғашқы студенттік болид көпшілікке ұсынылды.

Мәдени бағдарлама аясында еліміздегі алғашқы фольклорлық-этнографиялық ұжымдардың бірі – «Шертер» ансамблі өнер көрсетті. Ұжым орындаған халық әндері мен күйлері ұлттық музыкалық мұраны дәріптеді.

Министрліктің мәліметінше, жәрмеңкеге 1 320 адам қатысқан. Іс-шара барысында қостанайлық креаторлардың авторлық өнімдері жалпы 4 миллион 414 мың теңгеге сатылды.

Ілмек: Qazaq Creative HubҚостанайМәдениет және ақпарат министрлігі
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Энергетика министрлігі сұйытылған газдың шекті көтерме бағасын бекітті

Энергетика министрлігі сұйытылған газдың шекті көтерме бағасын бекітті

Ұсынамыз

Премьер-министр өңірлерге «Таза Қазақстан» бойынша нақты тапсырмалар жүктеді

Премьер-министр өңірлерге «Таза Қазақстан» бойынша нақты тапсырмалар жүктеді

03.07.2026
Финансовая безопасность: Молодежь не должна поддаваться на уловки мошенников

Финансовая безопасность: Молодежь не должна поддаваться на уловки мошенников

21.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.