AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Биыл Астанада Энрике Иглесиас, Дима Билан және Мари Краймбрери концерт береді

02.07.2026
Санаты: Мәдениет
Биыл Астанада Энрике Иглесиас, Дима Билан және Мари Краймбрери концерт береді

ADYM.KZ / Астанада концерттік және мәдени іс-шараларға қызығушылық артып келеді. Жыл басынан бері өткен бірнеше концерттің билеттері толық сатылып, көрермен саны рекордтық көрсеткішке жеткен.

Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Astana Concert» ЖШС-нің концерттік директоры Александр Бихерт мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл өткен бірқатар концерт аншлагпен өтті. Мәселен, әнші МакSимнің концертіне шамамен 5 мың көрермен жиналса, Анна Астидің «Барыс Аренадағы» концертін 9 мыңға жуық адам тамашалаған. Бұл – биыл елордада ең көп көрермен жиналған музыкалық кештердің бірі.

Спикер мәдени жобаларға да сұраныс жоғары екенін атап өтті. Оның сөзінше, «Леонардо да Винчи. Қайта өрлеу дәуірінің данышпаны» көрмесін бүгінге дейін 40 мыңнан астам адам тамашалаған. Экспозицияда Рим мен Флоренция музейлерінен әкелінген 44 түпнұсқа жәдігер қойылған.

Александр Бихерттің айтуынша, жыл соңына дейін Астанада тағы бірнеше ірі концерт өтеді.

17 қыркүйекте Конгресс орталығында Мари Краймбрери өнер көрсетеді. Ал 20 қарашада «Барыс Аренада» Дима Биланның концерті жоспарланған.

Сонымен қатар, биыл «Астана Аренада» әлемге танымал әнші Энрике Иглесиас та өнер көрсетеді. Оның концерті елордадағы жылдың ең ірі музыкалық оқиғаларының бірі болмақ.

Ілмек: Дима БиланКонгресс орталығыМари Краймбрери
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Еркебұлан Анапия Азия чемпионатының финалына сенімді жолдама алды

Еркебұлан Анапия Азия чемпионатының финалына сенімді жолдама алды

Ұсынамыз

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

04.09.2026
Президент «Сириус – Роза Хутор» халықаралық өнер фестиваліне қатысушыларды құттықтады

Президент «Сириус – Роза Хутор» халықаралық өнер фестиваліне қатысушыларды құттықтады

12.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.