AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

ДСМ пластикалық ота жасайтын клиникаларды қатаң тексеруге кіріседі

30.06.2026
Санаты: Қоғам
ДСМ пластикалық ота жасайтын клиникаларды қатаң тексеруге кіріседі

ADYM.KZ / Қазақстанда пластикалық хирургия қызметін көрсететін медициналық ұйымдарға қатысты мемлекеттік бақылау күшейтіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, медициналық ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейту мақсатында ҚР Бас прокуратурасымен келісім негізінде пластикалық хирургия қызметін көрсететін клиникаларда қосымша жоспардан тыс тексерулер жүргізу жоспарланып отыр.

Ведомствоның хабарлауынша, кешенді тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері 2021 жылдан бері пластикалық хирургия саласында қызмет көрсететін медициналық ұйымдарға 92 жоспардан тыс тексеру жүргізген. Оның басым бөлігі 2024 жылы азаматтардан медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты шағымдар мен өтініштердің көбеюіне байланысты ұйымдастырылған.

Тексеру нәтижесінде лицензиялық талаптардың сақталмауы, медициналық көмекті ұйымдастыру стандарттарының бұзылуы және медициналық құжаттаманы жүргізу қағидаларының орындалмауы сияқты заң бұзушылықтар анықталған. Сонымен қатар кейбір медициналық ұйымдардың қажетті рұқсат құжаттарынсыз қызмет көрсеткені белгілі болды.

Анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Комитеттің аумақтық департаменттері міндетті орындалуға тиіс нұсқамалар берген. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 24 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 4,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Министрлік мәліметінше, жоспардан тыс тексерулер пластикалық операциядан кейін адам өліміне әкелген жекелеген оқиғалар бойынша да жүргізілген. Мұндай жағдайлар көбіне Алматы мен Астана қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысында тіркелген.

Тексеру қорытындылары бойынша материалдар заңнамаға сәйкес тиісті процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданған.

Ілмек: ДенсаулықМедициналық ұйымдарПластикалық хирургия
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
ӘЧ-2026: Бразилия соңғы минутта жеңіске жетті, Германия мен Нидерланд турнирмен қоштасты

ӘЧ-2026: Бразилия соңғы минутта жеңіске жетті, Германия мен Нидерланд турнирмен қоштасты

Ұсынамыз

Қазақстан Моңғолия және Бангладешпен экономикалық ынтымақтастықты күшейтеді

Қазақстан Моңғолия және Бангладешпен экономикалық ынтымақтастықты күшейтеді

24.06.2026
«Қазанат» ипподромында өтетін BaiQymyz-2026 фестиваліне қатынайтын автобустардың бағыты өзгереді

«Қазанат» ипподромында өтетін BaiQymyz-2026 фестиваліне қатынайтын автобустардың бағыты өзгереді

08.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.