AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Сенат Қазақстан–Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмыс режимін өзгертетін заңды мақұлдады

29.06.2026
Санаты: Қоғам
Сенат Қазақстан–Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмыс режимін өзгертетін заңды мақұлдады

ADYM.KZ / Сенат «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан–Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Сенат депутаты Алишер Сатвалдиевтің айтуынша, хаттамаға 2024 жылғы 8 тамызда Астанада қол қойылған. Құжатқа сәйкес, «Сырдария – Мәлік» және «Целинный – Оқ олтин» автомобиль өткізу пункттерінің мәртебесі екіжақтыдан халықаралық (көпжақты) деңгейге өзгертіледі.

Сонымен қатар, аталған өткізу бекеттерінің жұмыс тәртібі «жарық уақыттан» тәулік бойғы режимге ауыстырылады.

Хаттамада өткізу пункттерінің қызмет аясын кеңейту де көзделген. Атап айтқанда, «Целинный – Оқ олтин» бекеті жеңіл автокөліктермен қатар, бос жүк көліктерін, сондай-ақ ірі көлемді және ауыр салмақты жүктер мен тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын өткізуге мүмкіндік береді.

Ал «Сырдария – Мәлік» өткізу пункті арқылы тек жеңіл автокөліктер мен бос жүк көліктері өтеді. Бұл бекетте жүктер мен тауарларды коммерциялық мақсатта өткізу қарастырылмаған.

Депутаттың айтуынша, енгізіліп отырған өзгерістер өткізу қабілетін арттырып, жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға, туризмді дамытуға және екі ел арасындағы көлік-транзиттік байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ Сенаттың тұрақты комитеттерінен заң жобасына қатысты ешқандай ұсыныс пен ескерту түспегені айтылды.

Ілмек: ҚазақстанӨзбекстанСенат
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
Елімізде нотариат қызметіне қатысты жаңа өзгерістер енгізіледі

Елімізде нотариат қызметіне қатысты жаңа өзгерістер енгізіледі

Ұсынамыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы консультативтік кездесуге қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы консультативтік кездесуге қатысады

31.07.2026
Инновациялық-технологиялық колледжде нашақорлыққа қарсы «Ұлт саулығы – басты байлық» атты кездесу өтті

Инновациялық-технологиялық колледжде нашақорлыққа қарсы «Ұлт саулығы – басты байлық» атты кездесу өтті

10.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.