AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Елімізде нотариат қызметіне қатысты жаңа өзгерістер енгізіледі

29.06.2026
Санаты: Саясат
Елімізде нотариат қызметіне қатысты жаңа өзгерістер енгізіледі

ADYM.KZ / Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екі оқылымда қаралып, мақұлданды.

Сенатор Советбек Медебаевтың айтуынша, заңның негізгі мақсаты – нотариат туралы заңнаманы жетілдіру, нотариаттық қызметке мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру.

Заңға сәйкес, нотариат қызметіне бақылау жүргізу тәртібі Кәсіпкерлік кодекстен алынып, «Нотариат туралы» салалық заң аясында реттеледі.

Сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу шарттары бойынша атқарушылық жазбаларды енді нотариустар емес, соттар бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарайтын болады.

Бұдан бөлек, Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде атқарушылық жазба жасау туралы өтініштер нотариустар арасында автоматты түрде бөлінеді. Бұл жүйе процестің ашықтығын қамтамасыз етіп, нотариустар арасындағы жүктемені теңестіруге және мүдделер қақтығысы мен сөз байласу тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, атқарушылық жазбалар тек борышкердің тіркелген жері бойынша рәсімделеді.

Заң нотариустардың жауапкершілігін де күшейтеді. Атап айтқанда, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру негіздері кеңейтіледі.

Құжатта нотариат институтын цифрландыруға бағытталған бірқатар жаңашылдық қарастырылған. Соның ішінде электрондық нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және есепке алуға арналған бірыңғай нотариаттық цифрлық архив құрылады.

Сонымен қатар, нотариустың жақын туыстары басшы, құрылтайшы немесе акционер болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты нотариаттық іс-әрекеттер жасауына шектеу қойылады.

Заңмен Республикалық және аумақтық нотариаттық палаталар төрағаларының, сондай-ақ тәртіптік комиссиялар мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір рет қайта сайлану мүмкіндігімен төрт жыл болып белгіленеді.

Бұдан бөлек, мемлекет кепілдік берген заң көмегінің ауқымы кеңейтіліп, енді адвокаттар мен заң консультанттары конституциялық іс жүргізу барысында азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға қатыса алады.

Ілмек: ЗаңНотариаттық қызмет
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Елге бидай әкелуге шектеу қойылады: кімдерге жеңілдік беріледі?

Елге бидай әкелуге шектеу қойылады: кімдерге жеңілдік беріледі?

Ұсынамыз

Қазақстан мен Қытай  кітапхана ісін дамыту бойынша бірлескен жобаларды қолға алмақ

Қазақстан мен Қытай кітапхана ісін дамыту бойынша бірлескен жобаларды қолға алмақ

19.06.2026
Firebird пен NVIDIA Қазақстанда ірі AI жобасын іске асырады

Firebird пен NVIDIA Қазақстанда ірі AI жобасын іске асырады

15.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.