AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Түркістанда туристерге арналған «Red Bus» экскурсиялық автобусы іске қосылды

24.06.2026
Санаты: Аймақ, Мәдениет
Түркістанда туристерге арналған «Red Bus» экскурсиялық автобусы іске қосылды

ADYM.KZ / Түркістан қаласында туристерге арналған жаңа экскурсиялық бағыт іске қосылды. Қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту және келушілерге қолайлы сервис ұсыну мақсатында Smart Shuttle Bus Turkistan жобасы аясында «Red Bus» экскурсиялық автобусы пайдалануға берілді.

Жаңа жобаның жұмысымен алғашқылардың бірі болып Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы танысты. Қала басшысы экскурсиялық автобуспен жүріп өтіп, оның жайлылығы, қауіпсіздігі және қызмет көрсету сапасын бағалады.

Жоба Түркістандағы негізгі туристік және әлеуметтік нысандарды бір маршрутқа біріктіреді. Бағыт әуежайдан басталып, теміржол вокзалы, Жаңа мешіт, Ботаникалық бақ, Мұз сарайы, Әкімшілік-іскерлік орталық, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Керуен-сарай туристік кешені, Қолөнершілер орталығы, Этноауыл, Ескек есу арнасы, Гауһар ана кесенесі және Орталық базар арқылы өтеді.

Экскурсиялық маршрутта туристер үшін заманауи цифрлық қызметтер қарастырылған. Жолаушылар QR-код арқылы билет сатып алып, 1 және 3 күндік Turkistan Pass жүйесін пайдалана алады. Сондай-ақ үш тілдегі аудиогид, Telegram және WhatsApp чат-боттары, онлайн карта және GPS мониторинг қызметтері қолжетімді. Бұдан бөлек, автобустың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік бар.

Автобустар Wi-Fi желісімен, кондиционермен және USB қуаттау құрылғыларымен жабдықталған. Қозғалыс аралығы 15–20 минутты құрайды. Қызмет күн сайын сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін көрсетіледі. Автобустар Визит орталығының автотұрағынан және Керуен-сарай кешені алдынан қатынайды.

Айта кетейік, «Red Bus» экскурсиялық автобусы 65 жолаушыға арналған. Билет құны балалар үшін 2 мың теңге, ал ересектер үшін 3 мың теңгені құрайды. Бағаға трансфер, гид және координатор қызметтері енгізілген.

Ілмек: Red BusАвтобусТүркістанЭкскурсия
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Қытайдан Еуропаға бағытталған жүктің 85 пайызы Қазақстан арқылы өтеді

Қытайдан Еуропаға бағытталған жүктің 85 пайызы Қазақстан арқылы өтеді

Ұсынамыз

Ұялы байланыс операторы Қазақстандағы ең үздік интернет таратушы екенін сотта дәлелдей алмады

Ұялы байланыс операторы Қазақстандағы ең үздік интернет таратушы екенін сотта дәлелдей алмады

02.06.2026
Қызылордада «Шымкент сазы» концерттік бағдарламасы ұсынылды

Қызылордада «Шымкент сазы» концерттік бағдарламасы ұсынылды

27.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.