AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қытайдан Еуропаға бағытталған жүктің 85 пайызы Қазақстан арқылы өтеді

25.06.2026
Санаты: Басты, Экономика
Қытайдан Еуропаға бағытталған жүктің 85 пайызы Қазақстан арқылы өтеді

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтып, сауда, инвестиция және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр.

Бұл мәселелер IX «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесі аясында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьер-министрінің орынбасары Дин Сюэсянның кездесуінде талқыланды.

Келіссөз барысында тараптар екі ел арасындағы сауда көлемі тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтті. 2025 жылы өзара тауар айналымы рекордтық 48,7 млрд долларға жетсе, 2026 жылдың алғашқы бес айында бұл көрсеткіш 22 млрд долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27 пайызға артқан. Жыл соңына қарай сауда көлемі 50 млрд доллардан асуы мүмкін.

Серік Жұманғариннің айтуынша, екі елдің мақсаты – алдағы жылдары өзара тауар айналымын 100 млрд долларға жеткізу. Осыған байланысты Қазақстан мен Қытайдың 2027-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жедел келісу ұсынылды.

Кездесуде инвестициялық әріптестік мәселесіне де ерекше назар аударылды. Тәуелсіздік жылдарында Қытай Қазақстан экономикасына шамамен 30 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция құйған. Қазақстан тарапы қытайлық инвесторларды ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, металлургия, агрохимия және пилотсыз ұшу аппараттарын өндіру салаларындағы жобаларға қатысуға шақырды.

Тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты да талқылады. Бүгінде Қытайдан Еуропаға құрлық арқылы тасымалданатын жүктің шамамен 85 пайызы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Осыған байланысты еліміз шекаралық инфрақұрылымды кеңейтіп, өткізу қабілетін арттыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Атап айтқанда, «Бақты–Аягөз» бағытындағы үшінші теміржол өткелін қоса алғанда, үш негізгі өткелдің жылдық өткізу қуаты 100 млн тонна жүкке дейін жетеді. Қытай тарапы Қазақстанмен шекарадағы үшінші теміржол өткелін бірлесіп салуға дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысында тараптар сауда мен инвестиция көлемін арттыруға, көлік дәліздерін дамытуға және цифрлық экономика, жасанды интеллект, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін растады.

Ілмек: ЕуропаКөлік-логистикаҚазақстанҚытай
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Қазгидромет: Шілдеде Қазақстанда ауа температурасы +50 градусқа дейін көтерілуі мүмкін

Қазгидромет: Шілдеде Қазақстанда ауа температурасы +50 градусқа дейін көтерілуі мүмкін

Ұсынамыз

Цифрлық Егемендік: Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп, «Аймақтық цифрлық периметр» құруды қарастырып жатыр

Цифрлық Егемендік: Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп, «Аймақтық цифрлық периметр» құруды қарастырып жатыр

25.05.2026
Ясауи іліміне қатысты сирек қолжазба Ресей мемлекеттік кітапханасынан анықталды

Ясауи іліміне қатысты сирек қолжазба Ресей мемлекеттік кітапханасынан анықталды

23.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.