AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Елорда әуежайында жаңа халықаралық бағыттар ашылды

15.06.2026
Санаты: Қоғам
Елорда әуежайында жаңа халықаралық бағыттар ашылды

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Астана халықаралық әуежайы 3,39 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетіп, 27 540 рейстің орындалуын қамтамасыз етті.

Әуежай мәліметінше, жолаушылар ағынының өсуіне жаңа халықаралық бағыттардың ашылуы мен әуе қатынастары географиясының кеңеюі әсер еткен. Биыл маршруттық желі Ларнака (Кипр), Ұлан-Батыр (Моңғолия), Гуанчжоу (Қытай), Ереван (Армения) және Даламан (Түркия) бағыттарымен толықты. Нәтижесінде халықаралық рейстер саны 42-ден 47 бағытқа дейін артты.

Қазіргі таңда жолаушылар үшін Қазақстан бойынша 18 ішкі бағыт қолжетімді. Маусым айынан бастап бірқатар ішкі рейстердің жиілігі де көбейтілді. Астана – Қызылорда бағыты бойынша апталық рейстер саны 30-дан 33-ке дейін өсті.

Сондай-ақ 12 маусымнан бастап Астана – Шымкент бағытына қосымша үш рейс енгізіліп, апталық рейстер саны 63-ке жетті. Ал Астана – Алматы бағыты бойынша аптасына 195 рейс орындалады, бұл бұрынғы көрсеткіштен бес рейске артық.

Осының нәтижесінде маусым айынан бастап елорда әуежайынан орындалатын ішкі тұрақты рейстер саны 30 пайызға артып, аптасына 752 рейстен 984 рейске дейін көбейді.

Жазғы маусымда Балқаш, Үржар және Үшарал бағыттары бойынша әуе қатынасы қайта жанданды. Бұл ішкі туризмді дамытуға және өңірлер арасындағы көлік қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Әуежай инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын да жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта Т2 терминалын жаңарту жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, терминалдың өткізу қабілетін кеңейту және халықаралық стандарттарға сай қолайлы жағдай жасау көзделген.

Бұдан бөлек, биыл мамыр айында аэродромда жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жұмыс барысында ұшу-қону жолағының жекелеген учаскелері жөнделіп, таңбалар жаңартылды және жарық-сигналдық жабдықтар ауыстырылды.

Әуежай басшылығы алдағы уақытта да жаңа бағыттар ашу, халықаралық серіктестікті кеңейту және жолаушыларға қауіпсіз әрі сапалы қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.

Ілмек: Астана халықаралық әуежайыЖаңа бағыт
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
Президент Қорғаныс министріне армияны цифрландыру мен әскери реформаларды жеделдетуді тапсырды

Президент Қорғаныс министріне армияны цифрландыру мен әскери реформаларды жеделдетуді тапсырды

Ұсынамыз

Соня Жиенбаева Португалиядағы ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты

Соня Жиенбаева Португалиядағы ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты

03.07.2026
Әділет, жауапкершілік және білім: жастар Президент кітабындағы маңызды ойларды талқылады

Әділет, жауапкершілік және білім: жастар Президент кітабындағы маңызды ойларды талқылады

18.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.