AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстанда ипотека бойынша жаңа талаптарды енгізу 2027 жылға шегерілді

12.06.2026
Санаты: Басты, Экономика
Қазақстанда ипотека бойынша жаңа талаптарды енгізу 2027 жылға шегерілді

ADYM.KZ / Қазақстанда ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша пайыздық мөлшерлемені есептеудің жаңа тәртібін енгізу мерзімі кейінге қалдырылуы мүмкін. Тиісті қаулы жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бірлесіп әзірлеп, қоғамдық талқылауға ұсынды.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатқа сәйкес, ипотекалық тұрғын үй қарыздарының жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) кепіл құны мен несие сомасының арақатынасына (LTV коэффициенті) қарай белгілеу тәртібін енгізу 2027 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылады.

Бұған дейін аталған өзгерістерді 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізу жоспарланған болатын.

Жаңа тәртіп күшіне енген жағдайда бастапқы жарнасы жоғары азаматтар үшін ипотека шарттары анағұрлым тиімді болуы мүмкін. Атап айтқанда, егер несие көлемінің тұрғын үй құнына қатынасы 70 пайыздан аспаса, яғни қарыз алушы баспана бағасының кемінде 30 пайызын өз қаражатынан төлесе, ипотека бойынша шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20 пайыз деңгейінде белгіленеді.

Ал LTV коэффициенті 70 пайыздан жоғары болған жағдайда, яғни бастапқы жарна көлемі төмен болса, шекті мөлшерлеме бұрынғыдай 25 пайыз болып қалады.

Қаулы жобасында 2026 жылғы 1 шілде мен 2027 жылғы 1 қаңтар аралығында ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі 25 пайыз көлемінде сақталатыны көрсетілген.

Құжат қазіргі уақытта қоғамдық талқылаудан өтіп жатыр.

Ілмек: 2027Жаңа талапИпотекаТұрңын үй
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы Астанада ашылды

Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы Астанада ашылды

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы өз жұмысын бастады. Жаңа Құрылтайдың құрамы 2026 жылғы 23 тамызда өткен сайлау...

Айбек Дәдебай Қазақстан Құрылтайының төрағасы болып сайланды

Айбек Дәдебай Қазақстан Құрылтайының төрағасы болып сайланды

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясында депутат Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынған...

ОСК Құрылтайдың 145 депутатын тіркеп, куәліктері мен төсбелгілерін табыстады

ОСК Құрылтайдың 145 депутатын тіркеп, куәліктері мен төсбелгілерін табыстады

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Бүгін, 2026 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының XVI отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымына сайланған 145 депутат ресми тіркелді. Отырыста бес...

«Әділет» партиясы Құрылтайға баратын 110 депутаттың тізімін жариялады

«Әділет» партиясы Құрылтайға баратын 110 депутаттың тізімін жариялады

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / «Әділет» партиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымындағы депутаттық мандаттарды бөліп, бір палаталы Парламентке баратын 110 кандидаттың тізімін бекітті. Тиісті шешім Астанада партия төрағасы Айбек Дәдебайдың жетекшілігімен...

Келесі
Қазақстандағы AI-фестивальге 50 елдің авторлары қатысуға ниет білдірді

Қазақстандағы AI-фестивальге 50 елдің авторлары қатысуға ниет білдірді

Ұсынамыз

Нидерланд капиталы бар 700-ден астам компания Қазақстанда жұмыс істейді

Нидерланд капиталы бар 700-ден астам компания Қазақстанда жұмыс істейді

23.06.2026
Қайрат Қабышев үзіліссіз 102 ән орындап, дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

Қайрат Қабышев үзіліссіз 102 ән орындап, дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

11.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Путин сыйлаған төрт жолбарыс: Қазақстанға «Дала еркесінің» оралуы нені білдіреді?

    587 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • 2026–2027 оқу жылында оқушылар қандай жаңа курстарды оқиды?

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
  • Президент Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.