AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Әлемдік рейтингте Қазақстан ТМД елдері арасында көшуге ең қолайлы мемлекет атанды

09.06.2026
Санаты: Басты, Қоғам
Әлемдік рейтингте Қазақстан ТМД елдері арасында көшуге ең қолайлы мемлекет атанды

ADYM.KZ / Қазақстан 2026 жылғы «Immigration Index» халықаралық рейтингінде айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетіп, ТМД елдері арасында көш бастады. Америкалық танымал «Remitly» компаниясы әзірлеген бұл жаһандық зерттеу әлемнің 82 мемлекетін қамтыған.

Жалпырейтинг қорытындысы бойынша Қазақстан 53-орынға тұрақтап, тізімге енген посткеңестік елдердің бәрін артқа тастады.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстан өңірдегі ең тартымды мемлекет ретінде танылды. Тізімге енген өзге көршілес және достас елдердің позициясы мынадай сипат алды: Қазақстан — 53-орын (ТМД бойынша 1-орын); Молдова — 56-орын; Әзербайжан — 66-орын; Армения — 74-орын; Өзбекстан — 75-орын.

Ескерту: Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Украина елдері бұл жолғы зерттеуге енгізілмеген. Ал әлемдік рейтингте көш басын Швейцария бастап тұр.

«Remitly» сарапшылары мемлекеттерді 16 негізгі санатқа топтастырылған 34 көрсеткіш бойынша жіті бағалаған. Индекс тек құрғақ экономикалық мәліметтерге ғана емес, адамның өмір сүруіне қажетті ең маңызды әлеуметтік факторларға негізделген.

Бағалау кезінде ескерілген басты бағыттар: Қауіпсіздік деңгейі және өмір сапасы; Денсаулық сақтау мен білім беру жүйесінің сапасы; Экологиялық ахуал және қоғамдық көлік инфрақұрылымы; Жұмыспен қамту мүмкіндігі мен тұрғын үйдің қолжетімділігі; Өмір сүру құны (шығындар) және отбасыларға көрсетілетін қолдау; Мигранттар қауымдастығының болуы және жаңа ортаға бейімделу жеңілдігі.

Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, бүгінгі таңда тұрғылықты жерін ауыстыратын адамдар үшін тек табыс табу емес, өмір сапасы, жеке қауіпсіздік, медициналық қызметтердің деңгейі және ұзақ мерзімді болашақ құру мүмкіндігі негізгі өлшем болып табылады.

Осы көрсеткіштердің жиынтығы бойынша жоғары балл жинаған Қазақстан 2026 жылы ТМД кеңістігіндегі көшіп келуге ең қауіпсіз әрі қолайлы ел мәртебесін иеленіп отыр.

SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Келесі
Велоспорт: Щучинск қаласында тасжолдағы Қазақстан чемпионаты өтеді

Велоспорт: Щучинск қаласында тасжолдағы Қазақстан чемпионаты өтеді

Ұсынамыз

Қазақстанда роботакси қызметі пилоттық режимде іске қосылады

Қазақстанда роботакси қызметі пилоттық режимде іске қосылады

16.06.2026

Elon Musk’s xAI Releases Chatbot ‘Grok’ to Public

16.04.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.