AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

«Мәриям Қазақстан» қорының арқасында 26 сәби дүниеге келді

10.06.2026
Санаты: Басты, Қоғам
«Мәриям Қазақстан» қорының арқасында 26 сәби дүниеге келді

ADYM.KZ / Бала сүюді армандаған қазақстандық отбасыларға қолдау көрсету бастамасы бүгінде үлкен қайырымдылық миссиясына айналды. Алғаш рет 2023 жылы «Jibek Joly» телеарнасында журналист, қоғам қайраткері Ләйлә Сұлтанқызының жүргізуімен басталған «Ана болғым келеді» әлеуметтік жобасы жүйелі түрде жалғасып, «Мәриям Қазақстан» қайырымдылық қорының құрылуына негіз болған еді. Бүгін қор өзінің үш жылдық қызметінің айтулы қорытындысын жариялады.

Телеарнаның тікелей қолдауымен алғашқы кезеңде 15 отбасыға көмек көрсетіліп, нәтижесінде 13 сәби өмірге келсе, қазіргі таңда бұл көрсеткіш еселене түсті.

Қордың басты мақсаты  бедеулік диагнозымен бетпе-бет келген отандастарымызға ЭКО бағдарламасы арқылы ата-ана болу бақытын сыйлау. Ұйым құрылған күннен бастап еліміздің түкпір-түкпірінен 2 000-ға жуық өтініш келіп түскен.

Тек 2024 жылы қордың жаңа сайты іске қосылғаннан кейін, бір жылдың ішінде ғана көмекке мұқтаж жандардан 790 өтінім қабылданды. Медициналық көрсеткіштер мен белгіленген іріктеу талаптарына толық сәйкес келген 70 отбасы арнайы бағдарламаға қатысуға жолдама алды. Бүгінгі таңда қордың тікелей қолдауының арқасында 25 отбасы зарыға күткен ата-ана мәртебесіне қол жеткізіп үлгерді. Қайырымдылық жобасы аясында жасалған емдік шаралардың нәтижесінде, қазіргі уақытта 26 сәби қордың қолдауымен дүние есігін ашты.

Сонымен қатар, дәл қазіргі уақытта тағы 11 отбасы құрсақ шапағатын сезініп, жақын арада өмірге келетін сәбилерін үлкен үмітпен күтуде.

«Әр өтініштің артында үлкен үміт, ұзақ күту мен күрделі тағдыр тұр», — дейді қор төрағасы, Астана қалалық мәслихатының депутаты Ләйлә Сұлтанқызы.

Қор бағдарламасына қатысушылардың жас ерекшелігі әртүрлі. Ішкі статистика мәліметінше, ең жас қатысушы ерлі-зайыптылар — 25 жаста болса, ең ересек үміткерлердің жасы 45-47 жас аралығын құрайды.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу бірнеше күрделі кезеңнен тұрады:

Бағдарламаға қатысу процесінің алғашқы кезеңінде үміткерлер тарапынан келіп түскен барлық құжаттарды арнайы мамандар мұқият алдын ала тексеруден өткізеді.

Одан кейін құрамында репродуктологтар, андрологтар, урологтар, эмбриологтар, эндокринологтар мен психологтар бар 9 маманнан жасақталған білікті комиссия консилиум өткізіп, әрбір отбасының жағдайын жеке-жеке талқылауға алады.

Ал бағдарламаға кімдердің жолдама алатыны туралы түпкілікті шешімді Астанадағы «ECOMED» клиникасының медициналық директоры Алмас Ибрагимов бастаған дәрігерлер тобы мен қордың Қамқоршылық кеңесі бірлесе отырып қабылдайды.

ЭКО процедурасы тек медициналық емес, сонымен бірге үлкен эмоционалдық дайындықты талап ететіндіктен, 2026 жылдан бастап бағдарламаға психологиялық сүйемелдеу енгізілді. Бұл қадам болашақ ата-аналарға ең маңызды кезеңде психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетіп, стрессті еңсеруге көмектеседі.

«Адамның бәр қызығы бала деген» деген хакім Абайдың сөзі қор қызметінің басты өзегіне айналған. Үш жыл ішінде өмірге келген 26 сәби мен жақын арада туылатын 11 нәресте — осы ізгі миссияның ең үлкен, нақты жеңісі.

«Мәриям Қазақстан» қайырымдылық қоры Қазақстан азаматтары үшін толықтай ашықтық пен есептілік қағидаттарына сүйене отырып, алдағы уақытта да жұмысын жалғастыра бермек.

Ілмек: Jibek Joly ТВҚайырымдылық қорыМәриям ҚазақстанСәби
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Келесі
Денсаулық сақтау министрлігі: Елімізде 600-ден астам дәрінің бағасы арзандады

Денсаулық сақтау министрлігі: Елімізде 600-ден астам дәрінің бағасы арзандады

Ұсынамыз

Жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу жұмыстары жүргізілді

Жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу жұмыстары жүргізілді

16.10.2026
Бос уақытты тиімді өткізудің жаңа үлгісі: Саябақтағы ашық жыр кеші

Бос уақытты тиімді өткізудің жаңа үлгісі: Саябақтағы ашық жыр кеші

03.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.