ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шымкент университетінің студенттері арасында «Нашақорлық пен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың денсаулығын қорғау, нашақорлық пен АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша білімін арттыру, зиянды әдеттердің салдары туралы түсінігін қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстануға үндеу.
Кездесуге Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының дәрігері Фатима Тыныштықбаевна, алдын алу бөлімінің маманы Аяжан Джарасбай, Психикалық денсаулық сақтау орталығының психологы Сауле Айдарова және Жастар ресурстық орталығының Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің маманы Сабина Сагинтай қатысты.
Мамандар жастарға маңызды ақпарат берді. Кездесу барысында есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін кері әсері, оларды тұтынудың физикалық және психологиялық денсаулыққа зияны, сондай-ақ тәуелділіктің алдын алу жолдары түсіндірілді. Мамандар зиянды әдеттердің адамның жеке өміріне, оқуына, болашағына және қоршаған ортамен қарым-қатынасына кері ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті.
АИТВ/ЖИТС туралы түсінік кеңейтілді. Қатысушыларға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, одан сақтану шаралары және алдын алудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар аурудың алдын алуда медициналық сауаттылықты арттырудың, уақтылы тексерілудің және денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызы айтылды. Мамандар қоғамда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу және дұрыс ақпаратқа сүйену қажеттігін де түсіндірді.
Психологиялық қолдау мәселесі де назардан тыс қалмады. Кездесу барысында жастардың зиянды әдеттерден аулақ болуы, өз шешімдеріне жауапкершілікпен қарауы және қиын жағдайларда мамандардан көмек сұрай білуі жөнінде кеңестер берілді. Мұндай кездесулер жастардың денсаулыққа қатысты сауатты шешім қабылдауына және қауіптің алдын алуға ықпал етеді.
Іс-шара соңында қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстану, бос уақытты тиімді пайдалану, спортпен шұғылдану және өз денсаулығына мұқият болу ұсынылды.
Жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу – дені сау ұрпақ қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі. Ақпараттық-түсіндіру кездесулері жастардың медициналық сауаттылығын арттырып, нашақорлық пен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды
ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...








