AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған кездесу өтті

19.11.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған кездесу өтті

ADYM.KZ / Шымкент қаласында жастарды жұмыспен қамту, олардың кәсіби және тұлғалық дамуына қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мемлекет тарапынан жас буынның еңбек нарығына бейімделуіне, тұрақты жұмыс табуына, кәсіптік дағдыларын жетілдіруіне және әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін түрлі қолдау тетіктері қарастырылған. Бұл шаралар жастардың әлеуетін ашып, қоғам өміріне белсенді араласуына жол ашады.

Мемлекет басшысының жастарды қолдау, олардың білім алуына, еңбекке араласуына және қоғамдық белсенділігін арттыруға жағдай жасау жөніндегі тапсырмалары аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да маңызды рөл атқарады. Осы бағытта Орталық Азия Инновациялық университетінің Академик Мардан Сапарбаев атындағы ғимаратында жастарға арналған ақпараттық кездесу өтті.

Басқосуға Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің маманы Арайлым Есіркепова, «Отбасы банк» қаржы кеңесшілері Феруза Мусилимовна мен Эльмира Еламановна, сондай-ақ «Ізгілікте жарысайық» волонтерлер мектебінің «Айбын» жобасының жетекшісі Ерболат Асқарұлы Ырзамберді қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен жұмыс іздеу жолдары туралы ақпарат берілді. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің маманы жастарға еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді пайдалану, бос жұмыс орындарын қарастыру және жұмысқа орналасу кезінде ескеретін мәселелер жөнінде түсіндірді.

Ал «Отбасы банк» өкілдері қаржылық сауаттылықты арттыруға қатысты ақпаратпен бөлісті. Қаржыны дұрыс жоспарлау, кіріс пен шығысты тиімді басқару, жинақ қалыптастыру және қаржылық шешім қабылдау кезінде мұқият болудың маңызына тоқталды. Бұл бағыттағы білім жастардың жеке қаржысын сауатты басқаруына көмектеседі.

Сонымен қатар волонтерлік қызметтің қоғам үшін маңызы мен жастарға беретін мүмкіндіктері сөз болды. «Айбын» жобасының жетекшісі еріктілік бастамаларға қатысудың, қоғамдық жұмыстарға атсалысудың және игі істер арқылы ортаға пайда келтірудің мәнін түсіндірді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай ақпараттық шаралар жастардың жұмысқа орналасу, қаржылық сауаттылық және волонтерлік қызмет бағыттарындағы білімін толықтырып, қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануына ықпал етеді.

Ілмек: ЖастарЖұмыспен қамтуШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Әділетті қоғамда зорлық-зомбылыққа жол берілмейді

Әділетті қоғамда зорлық-зомбылыққа жол берілмейді

Автор: adym
25.11.2026
0

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық науқаны аясында «Әйел – әйелге тірек» атты іс-шара өтті. Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ...

Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған мыңдаған отбасы баспаналы болады

Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған мыңдаған отбасы баспаналы болады

Автор: adym
25.11.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту жұмысы қарқынды жүргізілуде. Қалада тұрғын үйге деген сұранысты азайту және әлеуметтік санаттағы азаматтардың баспана алу мүмкіндігін арттыру бағытында...

Шымкентте қалалық инфрақұрылымды цифрландыру жұмыстары кеңейтілуде

Шымкентте қалалық инфрақұрылымды цифрландыру жұмыстары кеңейтілуде

Автор: adym
24.11.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласында қалалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және мемлекеттік басқару процестерін автоматтандыру мақсатында цифрлық технологиялар енгізілуде. 2026 жылдың 11 айында білім беру,...

Айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың «Шабыт шалқығанда» кітабының тұсауы кесілді

Айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың «Шабыт шалқығанда» кітабының тұсауы кесілді

Автор: adym
24.11.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың «Шабыт шалқығанда» атты кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға ақынның жылдар бойы жинақталған шығармашылық мұрасы таныстырылды. Жаңа жинақта әр жылдары өткен айтыстарда айтылған...

Келесі
Шымкент жастары коммуналдық қызметкерлерге алғыс білдірді

Шымкент жастары коммуналдық қызметкерлерге алғыс білдірді

Ұсынамыз

Поручение Президента: В Шымкенте построят поликлинику на 500 посещений в смену

Поручение Президента: В Шымкенте построят поликлинику на 500 посещений в смену

29.09.2026
Enbek.kz: Мамыр айында 86 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды

Enbek.kz: Мамыр айында 86 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды

10.06.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
imunify-bot-check
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.