AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталған түнгі рейд жүргізілді

13.11.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталған түнгі рейд жүргізілді

ADYM.KZ / Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Рейдтің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілігін арттыру.

Іс-шара барысында жауапты мамандар аудан аумағындағы қоғамдық орындар мен көшелерді аралап, түнгі уақытта жүрген жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізді. Оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне шектеу қойылғаны түсіндірілді.

Атап айтқанда, кәмелетке толмағандарға сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында, ал сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін тұрғынжайдан тыс жерлерде заңды өкілінсіз жүруге болмайтыны ескертілді. Бұл талаптар жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын қорғауға, олардың түрлі келеңсіз жағдайларға тап болу қаупін азайтуға бағытталған.

Сонымен қатар рейд кезінде ата-аналар мен заңды өкілдерге балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, түнгі уақытта қайда жүргенін бақылау және қауіпсіздігіне бейжай қарамау қажеттігі айтылды. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен отбасы бақылауының маңызы ерекше екені атап өтілді.

Мамандардың айтуынша, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу тек уәкілетті органдардың ғана емес, ата-аналар мен қоғамның да ортақ міндеті. Сондықтан мұндай профилактикалық жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілуі маңызды.

Түнгі рейд жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, жасөспірімдердің құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталады.

Ілмек: ЖастарҚауіпсіздікШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі мен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі мен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды

Автор: adym
12.11.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласында Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлік мүшелері мен қалалық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, этномәдени...

Жаңа тарихи кезеңнің бағыттары: Шымкентте Президент Жолдауы бойынша ауқымды ашық диалог өтті

Жаңа тарихи кезеңнің бағыттары: Шымкентте Президент Жолдауы бойынша ауқымды ашық диалог өтті

Автор: adym
10.11.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы жарияланғаннан кейін мегаполиске жұмыс сапарымен Құрылтай депутаттары, министрліктердің, Халық кеңесінің...

В Шымкенте прошли встречи по разъяснению жителям приоритетных направлений Послания Президента

В Шымкенте прошли встречи по разъяснению жителям приоритетных направлений Послания Президента

Автор: adym
10.11.2026
0

ADYM.KZ / В Шымкенте состоялся ряд встреч с целью разъяснения задач, обозначенных в Послании Главы государства, а также заслушивания предложений и мнений жителей. В мероприятиях приняли участие представители...

Шымкентте жастарға діни сауаттылық жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкентте жастарға діни сауаттылық жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Автор: adym
10.11.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласында жастардың діни сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігіндегі ақпаратты дұрыс бағалау және түрлі теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мақсатында кездесу өтті. Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының...

Ұсынамыз

Еуропадағы ең қымбат жеке өнер коллекциясы сатылымға қойылды

Еуропадағы ең қымбат жеке өнер коллекциясы сатылымға қойылды

16.06.2026
Сайлау қарсаңында қоғамдық пікірді зерттейтін ұйымдардың тізімі белгілі болды

Сайлау қарсаңында қоғамдық пікірді зерттейтін ұйымдардың тізімі белгілі болды

09.07.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.