AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Еңбек министрлігі: Бос жұмыс орындары Enbek.kz сайтына бес күн ішінде жариялануы керек

31.08.2026
Санаты: Қоғам
Еңбек министрлігі: Бос жұмыс орындары Enbek.kz сайтына бес күн ішінде жариялануы керек

ADYM.KZ / Қазақстанда жұмыс берушілер бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді Электрондық еңбек биржасы Enbek.kz сайтына уақытылы жариялауға міндетті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысқа қабылдау және жұмыссыз азаматтарды есепке алу тәртібін түсіндірді.

Министрліктің мәліметінше, жұмыс берушіде бос жұмыс орны пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ол туралы ақпаратты Enbek.kz платформасына орналастыруы қажет. Бұл ретте бос жұмыс орны қызметкер ресми түрде жұмысқа қабылданғанға дейін жариялануы тиіс.

Мұндай талап еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары туралы ақпараттың өзектілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бірыңғай цифрлық платформа арқылы азаматтар қолжетімді жұмыс орындары туралы ақпаратпен танысып, өзіне сәйкес қызметті іздей алады.

Талапты бұзғандарға жауапкершілік қарастырылған

Бос жұмыс орындарын белгіленген мерзімде жарияламаған, сондай-ақ алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылатыны туралы мәліметтерді ұсынбаған жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Заң бұзушылықтың сипаты мен оның қайталануына қарай ескерту жасалады. Ал талаптарды қайта бұзған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады.

Министрлік жұмыс берушілерді қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға шақырды. Атап айтқанда, бос жұмыс орындарын Enbek.kz сайтына уақытылы жариялап, қызметкер жұмысқа орналасқаннан кейін электрондық еңбек шартын тіркеу және міндетті әлеуметтік әрі зейнетақы аударымдарын уақытылы жүргізу қажет.

Жұмысқа орналасқан азаматты есептен шығару автоматты түрде жүргізіледі

Еңбек министрлігі жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың жұмысқа орналасқаннан кейінгі мәртебесін жаңарту тәртібіне де түсініктеме берді.

Қазақстанда бұл процесс мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдастығы арқылы автоматтандырылған түрде жүзеге асырылады. Азамат жұмысқа орналасқан жағдайда бес жұмыс күні ішінде мансап орталығына тиісті ақпарат беруге міндетті.

Алайда азаматтың мансап орталығына өзі бармауы оның жұмыссыз мәртебесін жаңартуға кедергі келтірмейді. Егер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде оның жұмысқа орналасқаны туралы мәлімет пайда болса, азамат есептен автоматты түрде шығарылады.

Мұндай негіздердің бірі – Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде электрондық еңбек шартының тіркелуі. Сондай-ақ жұмыс берушінің алғашқы міндетті зейнетақы жарнасын аударуы да азаматтың жұмысқа орналасқанын растайтын негіздердің бірі болып саналады.

Осылайша, азаматтың жұмысқа орналасқаны туралы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерге белгіленген тәртіппен түскен жағдайда, оның қосымша түрде мансап орталығына барып, есептен шығу туралы өтініш беруінің қажеті жоқ.

Министрліктің хабарлауынша, талаптардың сақталуы еңбек қатынастары туралы мәліметтердің анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етіп, жұмыссыз азаматтарды қолдау тетіктерінің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін авторлық құқық саласындағы Бірыңғай цифрлық платформаның жұмыс істеу тәртібі туралы жазған едік.

Ілмек: Enbek.kzБос жұмыс орындарыЭлектрондық еңбек биржасы
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Ұсынамыз

Әдеби байқау: Қала тақырыбындағы үздік романға 100 мың доллар беріледі

Әдеби байқау: Қала тақырыбындағы үздік романға 100 мың доллар беріледі

17.06.2026
Президент Қорғаныс министріне армияны цифрландыру мен әскери реформаларды жеделдетуді тапсырды

Президент Қорғаныс министріне армияны цифрландыру мен әскери реформаларды жеделдетуді тапсырды

15.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.