AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте жат діни ағымдардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

31.08.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте жат діни ағымдардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ADYM.KZ / Шымкентте жастар мен тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және қоғамда зайырлы құндылықтарды нығайту бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды. Кездесу Металлург саябағында өтіп, оған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы қатысты.

Түсіндіру барысында маман тұрғындарға деструктивті діни идеологиялардың негізгі белгілері мен олардың адам санасына тигізуі мүмкін кері әсері туралы айтып берді. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде таралатын діни мазмұндағы ақпаратты сын тұрғысынан қабылдау, күмәнді дереккөздерге сенбеу және діни мәселелер бойынша ақпаратты білікті мамандардан алу қажеттігі түсіндірілді.

Жастармен әңгімелесу кезінде түрлі діни радикалды топтардың адамдарды өз қатарына тарту тәсілдеріне де назар аударылды. Мамандар діни сауатсыздықтың жалған діни түсініктердің таралуына жол ашуы мүмкін екенін айтып, кез келген ақпаратқа байыппен қарап, оның шығу тегін тексерудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дін саласына қатысты мәселелер бойынша маманнан жауап алды. Қатысушыларға діни сауаттылықты арттыруға арналған ақпараттық және жадынамалық парақшалар таратылды.

Мұндай профилактикалық шаралар жастардың діни мәселелерге қатысты дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, деструктивті идеологияның алдын алуға және қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, діни сауаттылықты арттыру – жат идеологиялардың ықпалына тосқауыл қоюдың маңызды тетіктерінің бірі. Осы бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ілмек: Деструктивті діни ағымТүсіндіру жұмыстарыШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Газдан болатын қайғылы жағдайдың алдын алады: Шымкент жастары жаңа жоба ұсынды

Газдан болатын қайғылы жағдайдың алдын алады: Шымкент жастары жаңа жоба ұсынды

Ұсынамыз

«Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетіледі

«Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетіледі

18.06.2026
Еліміздегі мектептерде 2025-2026 оқу жылы қалай қорытындыланды?

Еліміздегі мектептерде 2025-2026 оқу жылы қалай қорытындыланды?

25.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.