AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақ әдебиеті мен мәдениеті Қытайдағы ірі кітап көрмесінде таныстырылды

27.08.2026
Санаты: Мәдениет
Қазақ әдебиеті мен мәдениеті Қытайдағы ірі кітап көрмесінде таныстырылды

ADYM.KZ / Қытайдың Гуанчжоу қаласында 30-шы рет ұйымдастырылып отырған Оңтүстік Қытай кітап көрмесі салтанатты түрде ашылды. Қытайдағы кітап және баспа ісі саласындағы ірі мәдени алаңдардың бірі саналатын халықаралық көрмеге Қазақстан екінші жыл қатарынан қатысып, ұлттық павильонын таныстырды.

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, дипломатиялық корпус пен Қытайдың мәдениет және баспа саласының өкілдері қатысты.

Ұлттық павильонда 100-ге жуық кітап ұсынылды

Қазақстанның ұлттық павильонында қазіргі қазақ әдебиеті, балалар әдебиеті, мәдени мұра және креативті индустрия салаларын қамтитын 100-ге жуық кітап пен мәдени өнім көпшілік назарына ұсынылды.

Экспозициядан ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының, көрнекті жазушы Мұхтар Әуезовтің, ғалым-ағартушылар Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсариннің, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы мен рухани мұрасына арналған басылымдар орын алды.

Сондай-ақ көрмеге келген қонақтарға қазақ халқының эпостық және фольклорлық мұрасы, ұлттық салт-дәстүрі, қолөнері, ұлттық киімдері мен тағамдары, киіз үй мәдениеті туралы кітаптар таныстырылды.

Бұл экспозиция қазақ халқының бай рухани мұрасы мен мәдени ерекшеліктерін халықаралық аудиторияға кеңінен танытуға бағытталған.

«Түркістан» және Димашқа арналған кітаптардың тұсаукесері өтті

Көрме аясында «Түркістан» және «Шексіз музыка: Димаш» кітаптарының таныстырылымы ұйымдастырылды.

Сонымен бірге қонақтарға қазақтың дәстүрлі қолөнер бұйымдары көрсетіліп, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері таныстырылды. Арнайы мәдени бағдарлама арқылы Қазақстанның әдебиеті, өнері мен рухани құндылықтарын Қытай оқырмандарына жақыннан таныстыру көзделді.

Қазақ және қытай әдебиетінің 30-ға жуық туындысы аударылады

Қазақстан мен Қытай арасындағы әдеби-мәдени байланыс соңғы жылдары жаңа деңгейге көтеріліп келеді.

Биыл Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік баспасөз және баспа істері басқармасы классикалық шығармаларды аудару және басып шығару саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Құжат аясында алдағы бес жыл ішінде қазақ және қытай әдебиетінің 30-ға жуық туындысын аударып, басып шығару жоспарланған. Бұл бастама екі ел оқырмандарының бір-бірінің әдебиеті мен мәдениетін тереңірек танып-білуіне мүмкіндік береді.

Қазақстанның Гуанчжоудағы мәдени бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Бейжіңдегі Қазақстан мәдени орталығының, Qazaq-Oner ұлттық қауымдастығының, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің, Гуанчжоудағы Бас консулдығының және Nomad Culture Foundation қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Оңтүстік Қытай кітап көрмесі 27-31 тамыз аралығында Гуанчжоу қаласындағы China Import and Export Fair Complex кешенінде өтеді.

Қазақстанның көрмеге қатысуы ұлттық әдебиет пен мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттауға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Ілмек: ГуанчжоуКітап көрмесіҚазақстан
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
16 желтоқсаннан бастап Ақтау мен Ереван арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылады

16 желтоқсаннан бастап Ақтау мен Ереван арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылады

Ұсынамыз

Шымкентте жастарға Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылды

Шымкентте жастарға Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылды

23.09.2026
Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді басқару мәселелері талқыланды

Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді басқару мәселелері талқыланды

15.10.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.