AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

16 желтоқсаннан бастап Ақтау мен Ереван арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылады

27.08.2026
Санаты: Қоғам
16 желтоқсаннан бастап Ақтау мен Ереван арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылады

ADYM.KZ / FlyArystan әуекомпаниясы халықаралық бағыттар желісін кеңейтіп, Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін қайта жандандырады.

Тікелей әуе қатынасы 2026 жылғы 16 желтоқсаннан бастап іске қосылады. Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері орындалады.

Сәрсенбі күндері ұшақ Ақтаудан сағат 12:35-те ұшып, Ереванға 13:20-да қонады. Кері бағыттағы рейс Ереваннан 14:20-да ұшып, Ақтауға 17:00-де келеді.

Ал жұма күндері Ақтаудан ұшу уақыты 09:00-ге, Ереванға қону уақыты 09:40-қа жоспарланған. Кері рейс Ереваннан 10:40-та ұшып, Ақтауға 13:15-те келеді.

Барлық уақыт жергілікті уақыт бойынша көрсетілген.

Билеттер 41 мың теңгеден басталады

Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша әуе билеттерінің құны бір бағытқа 41 мың теңгеден басталады.

Жаңа бағыт Қазақстан тұрғындарына Армения астанасына тікелей жетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Ереван арқылы елдің тарихи және табиғи көрікті жерлеріне саяхат жасауға қолайлы жағдай тумақ.

Ереван – Арменияның астанасы әрі тарихы 2800 жылдан асатын көне қалалардың бірі. Қаланың танымал орындарының қатарында Ереван мен Арарат тауына көрініс ашылатын Каскад кешені және қала өмірінің негізгі орталықтарының бірі саналатын Республика алаңы бар.

Саяхатшылар Ереваннан Гарни ғибадатханасына, Гегард монастырына және Севан көліне де оңай жете алады. Осылайша, жаңа бағыт қала ішіндегі демалысты Арменияның тарихи және табиғи көрікті жерлеріне саяхатпен үйлестіруге мүмкіндік береді.

Ақтау – Ереван бағыты бойынша тікелей рейстердің қайта ашылуы Қазақстан мен Армения арасындағы туристік және іскерлік байланыстарды дамытуға, сондай-ақ қазақстандық жолаушылар үшін халықаралық бағыттардың қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ілмек: FlyArystanАқтауӘуе рейсіЕреван
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Ұсынамыз

Гонконг пен Қазақстан арасында жаңа әуе рейстері іске қосылады

Гонконг пен Қазақстан арасында жаңа әуе рейстері іске қосылады

11.07.2026
АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

15.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.