AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстан мен CCCC теміржол және энергетика саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

16.07.2026
Санаты: Басты, Саясат
Қазақстан мен CCCC теміржол және энергетика саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев China Communications Construction Company (CCCC) компаниясының президенті Чжан Биньнаньді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстанның көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен стратегиялық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев CCCC компаниясының Қазақстанда көп жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқанын атап өтіп, оның күрделі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы сенімді әрі кәсіби серіктеске айналғанын айтты.

Кездесуде Бақты – Аягөз теміржолының құрылысына ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар тараптар Каспий теңізі табанын тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін бірлескен кәсіпорын құру мәселесін қарастырды. Президент мұндай кәсіпорынның Каспий маңы елдері мен өзге өңірлерде қауіпсіз теңіз қатынасын қамтамасыз ететін өңірлік орталықтың қалыптасуына ықпал ететініне сенім білдірді.

Кездесуде энергетика саласындағы перспективалы жобалар да сөз болды. Мемлекет басшысы сапар аясында Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясының құрылысын бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойылғанын құптады.

Президенттің айтуынша, бұл жоба елдің ұлттық энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын күшейтуге ықпал етеді. Қуаттылығы 600 МВт болатын гидрожинақтаушы электр станциясын Алматы облысындағы Қарғалы өзенінде CCCC компаниясына қарасты China International Water & Electric Corporation кәсіпорнының қатысуымен салу жоспарланып отыр.

Ілмек: АқордаИнфрақұрылымдық жобаҚытайПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Қазақстанның аралас құрамасы әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Қазақстанның аралас құрамасы әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Ұсынамыз

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

31.08.2026
Ғалымдар жаңа буын антибиотиктерін іздеуге арналған технология әзірледі

Ғалымдар жаңа буын антибиотиктерін іздеуге арналған технология әзірледі

22.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.