AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновтің есебін тыңдады.

13.07.2026
Санаты: Басты, Саясат
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновтің есебін тыңдады.

ADYM.KZ / Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2026 жылдың қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есепті тыңдап, экономиканы одан әрі әртараптандыру жоспарын қарады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің мәліметінше, бірінші жартыжылдықта жалпы ішкі өнім 4,1 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібі 9,8 пайызға, көлік саласы 7,1 пайызға, құрылыс 15,2 пайызға, сауда 5,7 пайызға, ауыл шаруашылығы 4,4 пайызға және байланыс қызметі 4,3 пайызға артқан. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгеге жетсе, жеке инвестициялар 21,4 пайызға көбейген.

Үкімет басшысы биыл өңдеу секторында жалпы құны 1,7 триллион теңгені құрайтын 200 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланғанын айтты. Соның нәтижесінде 17 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар ірі автожол жобаларының жүзеге асырылуы, Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы және Tarlan Astana көлік жүйесін дамытудың келесі кезеңі туралы баяндалды.

Тұрғын үй құрылысының көлемін биыл 20 миллион шаршы метрге жеткізу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 15 триллион теңгені құрап, егістік алқаптары 23,8 миллион гектарға дейін ұлғайған. Шаруаларды қолдауға 1 триллион теңге бөлініп, бюджеттен бөлінген әрбір теңге 6,5 теңге көлемінде жеке инвестиция тартуға мүмкіндік берген.

Президентке халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспардың орындалуы мен инфляцияны төмендету шаралары туралы да ақпарат берілді. Маусым айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 10,3 пайыз болған.

Кездесуде әлеуметтік және көші-қон саясатын жетілдіру мәселелері қаралды. Жұмысқа орналасуды ынталандыру арқылы әлеуметтік қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру және кейбір әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру нәтижесінде жылына 800 миллиард теңгеден астам қаржы үнемдеу көзделіп отыр.

Жылыту маусымына дайындық та негізгі назарда болды. Өткен маусым қорытындысында бес жылу электр орталығы жоғары тәуекелдің «қызыл» аймағынан шығарылып, үшеуі «жасыл» аймаққа ауыстырылған. Биыл 9 энергия блогы, 55 қазандық және 51 турбина жөнделеді. Бұл жұмыстарға 384 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін 12 мың шақырым инженерлік желіні жөндеу жоспарланған.

Үкімет басшысы цифрландыру және ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы да есеп берді. Оның айтуынша, әлемдік ІТ-компаниялардың қатысуымен қуаты 250 МВт болатын «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасы іске асырылады. Бұл бағытқа тартылған шетелдік инвестиция көлемі 10 миллиард доллардан асқан.

Президентке туризм саласын дамыту жөніндегі жоспарлар таныстырылды. Алматы тау кластерін дамыту және Almaty SuperSki жобасын жүзеге асыру туризмнің экономикадағы үлесін арттыруға бағытталған. Жоба аясында 60 шақырым тау шаңғысы трассасы салынғаннан кейін кешен тәулігіне 10 мың адамға дейін қабылдай алады. Нысанды 2028 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ Қазақстанның «Болашақ ойындары-2026» халықаралық жарысын өткізуге дайындығы туралы ақпарат берілді.

Жиында жаңа Конституцияға сәйкес заңнаманы жетілдіру, «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту, әлеуметтік саясатты дамыту, Алатау қаласының құқықтық негізін қалыптастыру және «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру бағытындағы жұмыстар да талқыланды.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев елдің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі реформаларды жалғастыруды тапсырды. Президент Үкіметке әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салудың ауқымды бағдарламасын жедел іске қосуды міндеттеп, әсіресе заманауи денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысын жеделдетуге ерекше назар аударуды тапсырды. Бұл бастама халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Ілмек: ЕсепОлжас БектеновПрезидент Қасым-Жомарт ТоқаевЭкономикалық даму
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Ақылы жол абонементінің құны қанша және оны қайдан алуға болады?

Ақылы жол абонементінің құны қанша және оны қайдан алуға болады?

Ұсынамыз

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

05.09.2026
Шымкентте жастардың еңбек нарығына бейімделуіне бағытталған жоба басталды

Шымкентте жастардың еңбек нарығына бейімделуіне бағытталған жоба басталды

25.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.