AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазгидромет: Шілдеде Қазақстанда ауа температурасы +50 градусқа дейін көтерілуі мүмкін

25.06.2026
Санаты: Басты, Қоғам
Қазгидромет: Шілдеде Қазақстанда ауа температурасы +50 градусқа дейін көтерілуі мүмкін

ADYM.KZ / «Қазгидромет» РМК шілде айының климаттық ерекшеліктеріне қатысты көпжылдық бақылауларға негізделген шолу жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, дәл осы айда еліміздің басым бөлігінде жылдағы ең жоғары ауа температурасы тіркеледі.

Мамандардың айтуынша, шілдеде күн ұзақтығы біртіндеп қысқара бастағанымен, ауа температурасы ең жоғары деңгейіне жетеді. Солтүстік және шығыс өңірлерде орташа айлық температура +18…+23 градус болса, Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында +14…+16 градус шамасында болады. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +28…+30 градусқа дейін көтеріледі.

Көпжылдық деректер бойынша, абсолюттік ең жоғары температура солтүстік және шығыс облыстарда +42…+43 градусқа, батыс, орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерде +47…+48 градусқа дейін жетуі мүмкін. Ал еліміздің оңтүстігінде сынап бағаны +49…+50 градусқа дейін көтеріледі.

Мұндай аптап ыстық солтүстік пен шығыста орта есеппен он жылда екі рет байқалса, оңтүстік облыстарда он жылда 7-8 рет қайталанады. Ең оңтүстік аудандарда мұндай жоғары температура жыл сайын тіркелуі ықтимал.

Сонымен қатар синоптиктер шілдеде қысқа мерзімді салқындаулар болуы мүмкін екенін де атап өтті. Кей өңірлерде түнгі температура +0…+5 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Ал Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында кей жылдары шілде айында -1…-4 градусқа дейін үсік тіркелген.

Жауын-шашынның ең көп мөлшері елдің солтүстік бөлігіне түседі. Бұл өңірлерде айлық норма 45-83 мм болса, шығыстағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 86-182 мм-ге жетеді. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын көлемі айтарлықтай аз болып, айлық норма көбіне 1-12 мм аралығында сақталады.

Синоптиктердің айтуынша, шілдедегі жауын-шашын көбіне нөсер түрінде түседі. Кей жағдайларда бір тәуліктің ішінде бір айлық нормадан да көп жауын-шашын түсуі мүмкін.

Шілде айында найзағай жиі байқалады. Таулы өңірлерде айына 8-12 күн, солтүстік облыстарда 6-8 күн найзағай ойнауы ықтимал. Ал бұршақ көбіне оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда тіркеледі. Іле Алатауының солтүстік беткейінде жаз мезгілінде айына 1-3 ретке дейін бұршақ жаууы мүмкін.

Мамандардың болжамынша, шілде айында Қазақстан тұрғындарын аптап ыстықпен қатар нөсер жаңбыр, найзағай және кей өңірлерде бұршақ секілді құбылмалы ауа райы күтіп тұр.

Ілмек: Аптап ыстықҚазгидрометШілде
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Келесі
АҚШ технологиясы Қазақстанға су тасқынын алдын ала болжауға көмектеседі

АҚШ технологиясы Қазақстанға су тасқынын алдын ала болжауға көмектеседі

Ұсынамыз

«AMANAT»: «EduAI: Педагогикалық хакатоны» үздік мұғалімдерге мүмкіндік сыйлады

«AMANAT»: «EduAI: Педагогикалық хакатоны» үздік мұғалімдерге мүмкіндік сыйлады

05.06.2026
Түнгі қала және жасөспірімдер қауіпсіздігі: Ата-аналар жауапкершілігі неге маңызды?

Түнгі қала және жасөспірімдер қауіпсіздігі: Ата-аналар жауапкершілігі неге маңызды?

29.08.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.