AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Биыл өңірлердегі ақпарат саласының 66 қызметкері баспаналы болады

25.06.2026
Санаты: Басты, Саясат
Биыл өңірлердегі ақпарат саласының 66 қызметкері баспаналы болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, журналистиканың қоғамдағы орны мен медиа саласының алдында тұрған негізгі міндеттерге тоқталды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, журналистер – қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Қазіргі технологиялық дәуірде азаматтарды жедел, сапалы және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ маңызды мәселелерге кәсіби сараптама ұсыну – БАҚ өкілдерінің басты міндеті.

Мемлекет басшысы кәсіби журналистика даңғаза мен жасанды сенсацияға емес, терең талдау мен жауапкершілікке негізделуі керек екенін атап өтті. Оның сөзінше, дәстүрлі медиа өз маңызын жоғалтқан жоқ, керісінше жаңа технологияларға бейімделіп, мультимедиялық платформалар арқылы дамып келеді.

Президент цифрлық кеңістіктегі жалған ақпарат, дипфейк технологиялары мен қоғамдық пікірді манипуляциялауға бағытталған қауіптерге ерекше назар аударды. Ол медиа қауымдастықты мұндай сын-қатерлерге қарсы тұруға және қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға атсалысуға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда сөз бостандығы мен пікір алуандығына кепілдік берілгенін атап өтті. Сонымен бірге сөз еркіндігі жауапкершілікпен ұштасуы тиіс екенін айтып, құқықтық нигилизмге, радикализмге және қоғам құндылықтарына қайшы келетін әрекеттерге жол бермеудің маңызын жеткізді.

Президент жастардың медиакеңістіктен жасанды сән-салтанат пен даңғазаны емес, еңбекқорлықтың, адал табыстың және мәдениеттің үлгісін көруі қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы журналистерді әлеуметтік қолдау шараларына да тоқталды. Оның мәліметінше, соңғы үш жылда Астана қаласында 200 журналист баспанамен қамтылған. Биыл алғаш рет өңірлік БАҚ өкілдеріне де пәтер кілттері табысталмақ.

«Биыл бүкіл ел бойынша ақпарат саласының 66 қызметкері баспанамен қамтамасыз етіледі», – деді Президент.

Сөз соңында Мемлекет басшысы журналистер шындықты боямасыз көрсететін айна ғана емес, ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық миссияны да атқаруы тиіс екенін атап өтті.

Ілмек: АқордаБАҚҚұттықтауПрезидентТөртінші билік
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Қазақстандық спортшы оқ атудан әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық спортшы оқ атудан әлем чемпионатында топ жарды

Ұсынамыз

Сенат Қазақстан–Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмыс режимін өзгертетін заңды мақұлдады

Сенат Қазақстан–Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмыс режимін өзгертетін заңды мақұлдады

29.06.2026
Шымкент: Спорт – жастарды белсенді өмірге бастайтын маңызды бағыт

Шымкент: Спорт – жастарды белсенді өмірге бастайтын маңызды бағыт

25.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.