AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Тоқаев MSC басшысымен Орта дәлізді дамыту мәселесін талқылады

24.06.2026
Санаты: Басты, Саясат
Тоқаев MSC басшысымен Орта дәлізді дамыту мәселесін талқылады

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Mediterranean Shipping Company (MSC) компаниясының аға вице-президенті Эдуард Зигристті қабылдады. Кездесуде көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, тараптар жүк айналымын арттыру және контейнерлеу деңгейін көтеру бағытындағы бірлескен жұмыстың перспективаларын қарастырды.

Президент контейнерлік тасымал саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын MSC компаниясының Қазақстан нарығындағы қызметіне оң баға беріп, Орта дәлізді дамыту еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін күшейту үшін қолға алынған шаралар туралы айтты. Атап айтқанда, Қазақстан, Әзербайжан және Грузия арасында бірыңғай ұзақмерзімді тарифтік модель енгізу мәселесі пысықталуда.

Сонымен қатар Каспий теңізіндегі жүк флоты кеңейтіліп, Әзербайжанмен бірлесіп теңіз табанын тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Құрық портын жаңғыртуға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Мемлекет басшысы MSC компаниясының Каспий маңындағы порт инфрақұрылымына инвестиция салуға қызығушылығын құптап, мұндай бастамалар Орта дәліздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалы көлемінің өсуіне ықпал ететінін айтты.

Өз кезегінде Эдуард Зигрист компанияның Қазақстанға қатысты ұзақмерзімді инвестициялық жоспарын таныстырды. Жоспар аясында логистикалық терминалдарға, теміржол активтеріне, порт инфрақұрылымына, теңіз қызметтеріне және әуе жүк тасымалы саласына инвестиция салу көзделген.

Ілмек: Mediterranean Shipping CompanyҚазақстанЛогистика
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
«Болашақ» стипендиясының 184 иегерінің толық тізімі жарияланды

«Болашақ» стипендиясының 184 иегерінің толық тізімі жарияланды

Ұсынамыз

Қаржы пирамидалары мен дропперліктің қаупі талқыланды

Қаржы пирамидалары мен дропперліктің қаупі талқыланды

25.09.2026
Ясауи кесенесіне кіру ақысы өзгерді: шетелдіктер қанша төлейді?

Ясауи кесенесіне кіру ақысы өзгерді: шетелдіктер қанша төлейді?

12.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.