AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның ғарыш саласын дамыту мәселелері қаралды

17.06.2026
Санаты: Басты, Саясат
Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның ғарыш саласын дамыту мәселелері қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Жиында Үкімет мүшелері еліміздің ғарыш саласының қазіргі жағдайы, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен оны дамытудың алдағы бағыттары туралы баяндама жасады.

Отырыс барысында Президент ғарыш саласының стратегиялық маңызына тоқталып, спутниктік байланыс пен ғарыш инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев спутниктік жүйелерді дамыту, ғарыш инфрақұрылымын жетілдіру және ғарыштық деректер негізінде қолданбалы шешімдерді енгізуге бағытталған негізгі жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берді.

Мемлекет басшысы бүгінде жаһандық ғарыш секторы түбегейлі өзгергенін атап өтті. Оның айтуынша, бұрын тек ірі державалардың қатысуымен дамыған салаға қазір жеке компаниялар да белсенді араласып, байланыс, хабар тарату, навигация, ғарыш мониторингі, ғылыми зерттеулер мен интернет қызметтерін дамытуда маңызды рөл атқарып отыр.

Сонымен қатар жиында ғарышты игеру ғылымын дамыту мәселелері қаралды. Президент ғылыми зерттеулерге, оның ішінде астрофизика саласына қолдау көрсетудің маңызын атап өтті. Ұлттық технологиялық және инженерлік әлеуетті нығайтуға бағытталған «Бәйтерек» жобасының жүзеге асырылу барысы оң бағаланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қажеттігіне де тоқталып, Ресей Федерациясымен және өзге де шетелдік серіктестермен стратегиялық ықпалдастықты одан әрі дамыту маңызды екенін айтты. Сондай-ақ Байқоңыр қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекен тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мәселесіне назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Президент Үкіметке ғарыш саласын жаңғыртуға және оның әлеуетін мемлекет мүддесіне тиімді пайдалануға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Ілмек: Ғарыш саласыҚазақстанҚауіпсіздік Кеңесі
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Мемлекет басшысы Алатау қаласының инфрақұрылымын қаржыландыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Алатау қаласының инфрақұрылымын қаржыландыруды тапсырды

Ұсынамыз

Түркістан облысында агродрондар шығаратын зауыт іске қосылды

Түркістан облысында агродрондар шығаратын зауыт іске қосылды

03.06.2026
Испаниядағы халықаралық турнирде қазақстандық балуандар табысты өнер көрсетті

Испаниядағы халықаралық турнирде қазақстандық балуандар табысты өнер көрсетті

13.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.