AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Үлкен Алматы айналма жолына кешенді диагностика жүргізілуде

11.06.2026
Санаты: Аймақ
Үлкен Алматы айналма жолына кешенді диагностика жүргізілуде

ADYM.KZ / «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ) Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) техникалық жағдайын кешенді диагностикалау жұмыстарына кірісті. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Бүгінде ҮАААЖ Алматы қаласы мен Алматы облысының көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың бірі саналады. Айналма жол қала көшелеріндегі көлік жүктемесін азайтып, транзиттік тасымалдардың тиімділігін арттыруға және өңірдің логистикалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беріп отыр.

Министрлік мәліметінше, диагностика барысында жол жамылғысының жай-күйі бағаланып, оның тегістігі, ілінісу коэффициенті және кедір-бұдырлық көрсеткіштері зерттеледі. Сондай-ақ жолдағы ақаулар анықталып, көпірлер, жол өткелдері мен басқа да инженерлік құрылыстардың техникалық жағдайы тексеріледі.

Бұдан бөлек, жол төсемі мен конструкцияларының нақты жағдайын анықтауға бағытталған аспаптық және зертханалық зерттеулер жүргізілуде. Зерттеу қорытындылары негізінде ҚазжолҒЗИ мамандары ҮАААЖ-ды күтіп-ұстау, жөндеу және одан әрі дамыту бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлейді.

Ведомствоның хабарлауынша, алынған нәтижелер жолдың пайдалану мерзімін ұзартуға, оның сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ жол инфрақұрылымын басқарудың заманауи цифрлық тәсілдерін енгізуге негіз болады.

Сонымен қатар ҚазжолҒЗИ салмақтық-габариттік бақылау жүйесін жетілдіру бағытында да жұмыс жүргізіп жатыр. Мамандар автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін автоматты түрде өлшейтін жүйелерге қойылатын талаптарды айқындайтын нормативтік құжаттың алғашқы редакциясын әзірледі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл шешімдер ауыр жүк көліктерінің қозғалысын тиімді бақылауға және жол инфрақұрылымының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта тараптар цифрлық мониторинг, зияткерлік көлік жүйелері, деректерді автоматтандырылған жинау және халықаралық стандарттарға сай инновациялық технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр.

Ілмек: Айналма жолДиагностикаҮлкен Алматы
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Банкроттыққа өтініш беру мен бақылау онлайн форматқа көшті

Банкроттыққа өтініш беру мен бақылау онлайн форматқа көшті

Ұсынамыз

Жастар қауіпсіздігі – ортақ міндет: Шымкентте профилактикалық кездесу өтті

Жастар қауіпсіздігі – ортақ міндет: Шымкентте профилактикалық кездесу өтті

27.08.2026
Жастарға арналған 17 мемлекеттік бағдарлама туралы ақпарат бір виртуалды кеңесшіде жинақталды

Жастарға арналған 17 мемлекеттік бағдарлама туралы ақпарат бір виртуалды кеңесшіде жинақталды

23.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.