AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қызылорда-Жезқазған жолы биыл толық аяқталады

10.06.2026
Санаты: Аймақ
Қызылорда-Жезқазған жолы биыл толық аяқталады

ADYM.KZ / Биыл Қызылорда мен Ұлытау облыстарын жалғайтын «Қызылорда — Жезқазған» автожолының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.

Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалды Мәжіліс  отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтан Қызылорда — Жезқазған автожолының Жезқазған бағыты бойынша құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі туралы сұрады.

Депутаттың айтуынша, жолдың Қызылорда бағытындағы бөлігі өткен жылы пайдалануға берілгенімен, Жезқазған бағытындағы жұмыстар әлі жалғасып жатыр. Сондықтан тұрғындар нысанның толық аяқталуын күтіп отыр.

Нұрлыбек Нәлібаевтың мәліметінше, өткен жылдың соңында аталған автожолдың 216 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілген.

– Биыл Ұлытау мен Қызылорда облыстарын байланыстыратын жолды толық аяқтап, халық игілігіне ұсынамыз. Сонымен қатар ұзындығы 575 шақырым болатын «Қарағанды – Жезқазған» автожолы еліміз үшін аса маңызды жобалардың бірі саналады. Оның құны 524 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын осы айдың соңына дейін бастап, алдағы екі жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Жалпы, биыл республика бойынша 11 мың шақырымнан астам автожол күрделі және орташа жөндеуден өткізіліп, қайта жаңартылады. Жұмыстар облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды, көпірлер салу мен жол инфрақұрылымын абаттандыру шараларын да қамтиды.

Ірі жобалардың қатарында ұзындығы 765 шақырым болатын «Бейнеу-Сексеуіл» автожолы бар. Жобаның жалпы құны 725 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін жаңғырту аясында «Ақтөбе-Қызылорда» учаскесін екінші санаттан бірінші санатқа ауыстыру жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар да биыл басталады.

Бұдан бөлек, Жаңаөзеннен Түрікменстан шекарасына дейінгі жолды жаңғырту және басқа да маңызды жол инфрақұрылымы нысандарын аяқтау көзделіп отыр.

Ілмек: АвтожолЖезқазғанҚызылорда
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өзара іс-қимыл жаңа келісіммен реттеледі

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өзара іс-қимыл жаңа келісіммен реттеледі

Ұсынамыз

 Жаңа мегаполис: Қазақстан Алатау қаласын Оңтүстік Кореямен бірлесіп салады

 Жаңа мегаполис: Қазақстан Алатау қаласын Оңтүстік Кореямен бірлесіп салады

08.06.2026
Президент Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды

Президент Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды

02.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.