AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Жастар денсаулығы: Шымкентте ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

11.10.2026
Санаты: Аймақ
Жастар денсаулығы: Шымкентте ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

ADYM.KZ / Шымкент қаласында жастардың денсаулығын қорғау, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған іс-шара Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттеріне арналды.

Кездесуге Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» алдын алу бөлімінің маманы Аяжан Джарасбай, ШЖҚ «Психикалық денсаулық сақтау орталығының» дәрігер-наркологы Раушан Асанқызы Баймұрунова және Жастар ресурстық орталығының Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің маманы Аман Мұқтархан қатысты.

Іс-шара барысында мамандар есірткі заттарын қолданудың адам ағзасына тигізетін зияны, нашақорлыққа тәуелділіктің алдын алу жолдары және оның жеке адам мен қоғамға әсері туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ жастардың зиянды әдеттерден аулақ болып, денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда дұрыс шешім қабылдауының маңыздылығына тоқталды.

Кездесудің маңызды тақырыптарының бірі – АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен одан қорғану шаралары. Мамандар инфекцияның алдын алу, медициналық сауаттылықты арттыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәселелері жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар АИТВ туралы дұрыс түсінік қалыптастырудың, жалған ақпаратқа сенбеудің және қажетті жағдайда медициналық көмекке жүгінудің маңызы атап өтілді.

Мұндай кездесулер жастардың денсаулыққа қатысты білімін толықтырып, өз өмірі мен болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. Әсіресе студенттер арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу зиянды әдеттердің алдын алуға, салауатты өмір салтын ұстануға және медициналық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жастармен жүйелі түрде жұмыс жүргізу олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын нығайтудың маңызды бағыттарының бірі саналады. Осы ретте ақпараттық-түсіндіру кездесулері жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың жалғасы болып табылады.

Ілмек: ЖастарШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Шымкентте жастардың кітапқа қызығушылығын арттыруға бағытталған жоба жалғасуда

Шымкентте жастардың кітапқа қызығушылығын арттыруға бағытталған жоба жалғасуда

Ұсынамыз

Лаос Президенті Тхонглун Сисулит Қазақстанға ресми сапармен келді

Лаос Президенті Тхонглун Сисулит Қазақстанға ресми сапармен келді

03.09.2026
Кибермәдениет – қауіпсіздіктің негізі: Шымкент мектептерінде түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

Кибермәдениет – қауіпсіздіктің негізі: Шымкент мектептерінде түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

17.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.