AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте жастардың кітапқа қызығушылығын арттыруға бағытталған жоба жалғасуда

11.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте жастардың кітапқа қызығушылығын арттыруға бағытталған жоба жалғасуда

ADYM.KZ / Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, оны кітап оқуға арнауына жағдай жасау – өскелең ұрпақтың білім көкжиегін кеңейтіп, рухани дамуына ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі. Бұл бастама Мемлекет басшысы көтерген «Кітап оқитын ұлт» идеясын жүзеге асыруға қосылған үлес саналады. Осы мақсатта Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Бір күн – басқа жол» жобасы аясында жастар Жасөспірім кітапханасының жұмысымен танысты.

Танысу барысында қатысушылар кітапхананың қызметі, жасөспірімдерге арналған мүмкіндіктері мен негізгі жұмыс бағыттары туралы ақпарат алды. Кітапхана алты бөлімнен тұрады. Әр бөлім жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, білімін жетілдіруге және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Кітапхана кеңістігі жасөспірімдердің әдебиетке жақын болуына, жаңа білім игеруіне және бос уақытын пайдалы өткізуіне мүмкіндік береді. Мұнда жастар өз қызығушылықтарына сай әдебиеттермен танысып, таным көкжиегін кеңейте алады. Сонымен қатар кітап оқу арқылы ойлау қабілетін жетілдіріп, дүниетанымын қалыптастыруға жол ашылады.

«Бір күн – басқа жол» жобасының негізгі мақсаты – жастарды қаланың мәдени, білім беру және қоғамдық орталарымен таныстырып, олардың жаңа мүмкіндіктерді ашуына ықпал ету. Осындай кездесулер жас буынның өзіне қажетті бағытты таңдауына, пайдалы дағдыларды қалыптастыруына және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Кітап – білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру олардың жеке дамуына ғана емес, қоғамның зияткерлік әлеуетінің өсуіне де әсер етеді. Сондықтан кітапханалардың мүмкіндіктерін таныстыру және оқуды күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыруға ынталандыру маңызды.

Мұндай бастамалар жастардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және «Кітап оқитын ұлт» идеясын жастар арасында кеңінен насихаттауға бағытталған.

Ілмек: Бос уақытЖастарКітапШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Шымкентте жастар өнер иесімен еркін форматта кездесті

Шымкентте жастар өнер иесімен еркін форматта кездесті

Ұсынамыз

Жастарға есірткіге тәуелділіктің зардаптары түсіндірілді

Жастарға есірткіге тәуелділіктің зардаптары түсіндірілді

18.09.2026
Дастан Сәтпаев «Бернлидегі» алғашқы күндері мен командадағы атмосфера туралы айтты

Дастан Сәтпаев «Бернлидегі» алғашқы күндері мен командадағы атмосфера туралы айтты

27.08.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.